Адасушылық атаулының ең ұлысы. Дінімізге еңгізілген жаңалықтардың ең жиіркеніштісі. Аллаһ Таъаланың рахымынан құр қалдырып, жәннаттың харам етілуіне себепші болатын күнә ол Аллаһ Таъаладан өзге бір зат яки нәрседен жәрдем сұрау және сол зат яки нәрсе арқылы Құдайдан сұраймыз деп пендені Алланың бір Өзіне емес дәнекерге мұхтаж етіп көрсету. Зүмәр сүресінің 2 - 3 аятында Рахман иеміз : „(Мұхаммед ғ.с.) расында саған бұл Кітапты бір шындықпен түсірдік. Сонда Аллаға дінді нағыр арнап, құлшылық қыл. Көңіл бөліңдер! Дін нағыз Аллаға тән. Сондай Алладан өзгені дос тұтқандар: „Біз бұларға, Аллаға жақындастырсын деп қана табынамыз„ (дейді.) Күдіксіз олардың араларындағы таласқан нәрселеріне Алла Таъала үкім береді. Расында Алла, кім өтірікші, өте қарсы болса, оны тура жолға салмайды. - десе, Юсып сүресінің 40 - шы аятында: „Сендердің Одан өзге шоқынған нәрселерің, сендер әрі аталарың атаған құр аттар ғана. Алла, оларға табынуға байланысты ешбір дәлел түсірмеген. Үкім Аллаға ғана тән. Ол, өзіне ғана құлшылық қылуларыңды бұйырған. Міне осы, тұп тура дін. Бірақ адамдардың көбісі білмейді„. - делінген. Ахқаф сүресінің бесінші аятында: "Алладан өзге қияметке дейін өзіне жауап бере алмайтын біреуге дұға қылып, жалбарынғаннан артық адасушы кім? Ал, олар (яғни, Алладан өзге жалбарынған нәрселері) сендердің дұғаларыңнан да бейхабар". - депті. Дұға ғибадатының шариғат бекіткен шегінен шығушылар туралы: "Бірде Абдуллаһ ибн Муғаффаль, Аллаһ одан разы болсын, өз ұлының былай деп жалбарынғанын естиді: "О, Аллаһ, мен Сенен жаннатқа кірген кезімде оң жақтан ақ сарай нәсіп етуіңді сұраймын" - деді. Сонда әкесі: "Ұлым, Аллаһтан жәннатты сұра және тозақтан пана тіле. Өйткені, Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) : "Бұл үмбетте дұға жасау мен дәрет алуда шектен шығатындар болады", - деп айтқанын естіген едім" - деді. (Имам Ахматтың "Сунан" кітабынан, Шейх Албани хадис дәрежесін сахих деп тұжырымдаған.) Аллаһ тағаланың жаратуына мұхтаж болған қандай да болмасын жаратылыс өзі мұхтаж бола тұрып қайтіп біреудің қажетін өтемек. Ақыл есі дұрыс адам жәрдемді мұхтажы бардан емес мұхтажсыз болғаннан сұрамай ма? Ал еш нәрсеге мұхтаждығы болмаған ол әрине Аллаһ. Ықылас сүресінің екінші аятында: "Аллаһу Самад" - "Аллаһ мұңсыз, еш нәрсеге мұхтаж емес" - деген сипатқа Ие екендігі айтылған. Ғафыр сүресінің он төртінші аятында Раббымыз бізге былай әмір еткен: "Қарсы болғандар жек көрсе де Аллаһтың алдында діндеріңді тазартып, Оған ықыласпен дұға қылыңдар (жалбарыныңдар)". Яғни Аллаһ таъала жаратылысты дұғаның қабыл болуына септігі тисін деп жаратқан жоқ, дұғаның қабыл болуына септігі тисін деп шынайы ықыласты жаратты. Құдай мен құлдың арасындағы дұғаға дәнекер болушы да осы адамның өз бойындағы ықыласы. "Жын" сүресінде: "(Ей Мұхаммед!) "Мен өз Раббыма жалбарынып, тілеп дұға қыламын және Оған ешкімді серік қоспаймын" - де", - делінген. Ибн Аббас, Аллаһ одан разы болсын, риуаят етілген хадисте пайғамбарымыз оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын былай деген: "Егер сұрасаң, Аллаһтан сұра, егер жәрдем тілесең, Аллаһтан жәрдем тіле!" ("Сунан ат - Тирмизи" ) Әбу Һурайрадан, Аллаһ одан разы болсын, риуаят етілген хадисте пайғамбарымыз оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын былай деген: " Аллаһ - Пәк, Ол Өзінен сұрамағанға (Оған жалбарынбағанға) ашуланады". (Тирмизи және Ибн Мәжәһтың "Сунанынан". Шейх Албани хасан хадис деген) Анастан, Аллаһ одан разы болсын, риуаят етілген хадисте пайғамбарымыз оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын былай деген: "Аллаһ Тағала айтады: "Ей, Адам баласы! Сен Маған ғана дұға қылып, жалбарынуыңды және үміт артуыңды тоқтатпайынша, қандай күнә жасағаныңа мән берместен, Мен сені кешіре беремін". (Имам Ахмад, Хаким. Шейх Албани сахих хадис деген.) Ғұлама Әл - Хаскафидің "ад-Дурр аль-Мухтар" кітабында имам Ағзам Әбу Ханифаның Аллаһ оған разы болсын мына сөзін келтіреді: لا ينبغي لأحد أن يدعو الله إلا به، والدعاء المأذون فيه، المأمور به ما استفيد من قوله تعالى: ولله الأسماء الحسنى فادعوه بها "Аллаһ Таъалаға жақындық іздесең - Оның бір Өзімен ізде. Себебі бізге Раббымыздың Өз тарапынан рұқсат етіп оқуға бұйырған дұға үлгісінде: "Алланың көркем есімдері бар, солар арқылы Оған дұға қылыңдар", - деген (Ағраф, 180) Аллаһ Таъаланың көркем есімдері арқылы дұға қылудың үлгісін көрсеткен пайғамбарымыз (оған Аллаһтың сәлемі мен игілігі болсын) былай деген: Әннәс ибн Мәлик (р.л.ғ.) бірде Алла елшісінің (с.ғ.с.) қасында отырған кезінде бір адам намаз оқып, "Я, Аллаһ! Барлық мадақтың Сенікі екендігі арқылы сұраймын! Сенен өзге ғибадат қылуға лайық құдай жоқ! Уа, Сый беруші! Уа, көктер мен жерді ғажайып жаратушы! Уа, ұлылық пен шексіз жомарттықтың Иесі! Уа, Мәңгі Тірі! Мәңгі Өздігінен Тұрушы!" деп дұға қылады. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): "Мынау Аллаға дұға қылса жауап беретін, қажет сұраса беретін ең ұлы есімі арқылы дұға қылды", - деген. (Әбу Дәуіт 2/80, Ибн Мәже 2/1268, Термези 5/550, Ахмад 3/120, Нәсәи 3/52). Михжан ибн Әдрағатан (р.л.ғ.) жеткен хадисте Алла елшісі (с.ғ.с.) бірде мешітке кіргенде бір кісі намазының отырысында "Я, Алла! Сенің Алла, Бір әрі Жалғыз, тумаған әрі туылмаған, Мұңсыз және теңдессіз екендігің арқылы сұраймын, менің күнәларымды кешіре гөр! Шындығында, Сен Аса кешірімді әрі өте рахымдысың!" деп дұға қылып жатқанын көріп Аллаһ елшісі (с.ғ.с.): "Оның күнәсі кешірілді. Оның күнәсі кешірілді. Оның күнәсі кешірілді", - деп үш рет айтқан. (Ахмад 4/338, Нәсәи 3/52, Әбу Дәуіт сахихы 1/185). Әбубәкір Сыддық (р.л.ғ.) Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): "Намазда айтатын дұға үйретіңіз", - деп сұрағанда ол (с.ғ.с.): "Уа, Алла! Шындығында мен өз - өзіме көп зұлымдық қылдым, ал күнәні Өзіңнен басқа ешкім де кешіре алмайды. Мені Өз жаныңда жарылқаумен жарылқап, рахым қыл. Расында Сен Аса кешірімдісің әрі Ерекше рахымдысың" деп айт", - деген (Бұхари "әд - Дағауат кітабынан № 799 риуаят еткен). Хазіретті Әлиден (р.л.ғ.) жеткен риуаятта Пайғамбарымыз (с.ғ.с) намазға тұрғанда: "Уа, Алла! Сен Патшасың, Сенен басқа ғибадат қылуға лайық құдай жоқ, Сен менің Раббымсың, мен Сенің Құлыңмын, өз - өзіме зұлымдық қылдым, күнәмді мойындадым. Менің барлық күнәларымды кеше гөр. Расында күнәларды Сенен өзге ешкім де кешіре алмайды..". деп айтатын болған. (Мүслім "әл - Мусәфирин" кітабында №771 риуаят еткен). Әбу Һурайрадан (р.л.ғ.) жеткен риуаятта Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) төсегіне жатарда: "Уа, Алла! Аспандардың Иесі! Жердің Иесі! Ұлы аршының Иесі! Раббымыз! Барлық нәрсенің Иесі! Дәнек пен өзекті жарушы! Тәуратты, Інжілді һәм Фұрқанды (Құранды) түсіруші! Өзің кекілінен суырып тартып алатын барлық жамандықтардан Өзіңмен сақтанамын! Уа, Алла! Сен - Біріншісің, Сенен бұрын ештеңе болған емес! Сен - Соңғысың, Сенен кейін ештеңе жоқ! Сен - Жоғарысың, Сенен жоғары ештеңе жоқ! Сен - Төменсің сенен төмен (жақын) ештеңе де жоқ! Бізді қарыздан арылтып, кедейліктен құтқар!" - дейтін еді. (Мүсілім "әз - Зикр" кітабында №2713 риуаят еткен). Ибн Аббас (р.л.ғ.) жеткізуінше Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) уайым - қайғы кезінде: "Ұлы әрі Мүләйім Алладан басқа ғибадат қылуға лайық құдай жоқ, көктер мен жердің Иесі, ұлы аршының Иесі Алладан басқа ғибадат қылуға лайық құдай жоқ", - деген. (Бұхари "әд - Дағауат" кітабында № 5985 риуаят еткен). Әли (р.л.ғ.) таратқан риуаятта Алланың елшісі (с.ғ.с.): "Мен саған егер оларды айтсаң тіпті бұрын күнәң кешірілген болса да Алла күнәларыңды тағы да кешіретін сөздерді үйретейін бе? Асқақ әрі Ұлы Алладан басқа ғибадат қылуға лайық құдай жоқ, Мүләйім һәм Жомарт Алладан басқа ғибадат қылуға лайық құдай жоқ, Алладан басқа ғибадат қылуға лайық құдай жоқ, Алладан басқа ғибадат қылуға лайық құдай жоқ, жеті көктің Иесі, ұлы аршының Иесі Алла пәк. Мадақ әлемдердің иесі Аллаға тән". деп айт", - деген. (Термези "әд - Дағауат кітабында № 3504 риуаят еткен). Сағыдтан (р.л.ғ.) риуаят етілген хадисте Алланың елшісі (с.ғ.с.): "Қайсы бір мұсылман балық иесінің (Жүніс пайғамбардың) "Сенен өзге ғибадат қылуға лайық құдай жоқ, Сен пәксің, шынында мен залымдардан болдым" деген дұғасымен қайсыбір ісінде дұға қылса Алла қабыл етеді", - деген. (Термези 5/529, Ахмад 1/170) Ал Раббымыздың Құран үлгісіне қарайтын болсақ : "Айюб та Раббысына: "Мен бір жамандыққа ұшырадым. Ал, Сен Рахымдылардың ең Рахымдысысың" деп жалбарынатын" - деген. (Әнбия, 83 - аят). Және тағы бір аятта: "Закарияны да есіңе ал. Ол Раббысына: "Раббым! Мені жалғыз қалдырма. Сен ең жақсы Мұрагерсің" - деп жалбарынады" - деген. (Әнбия, 89 - аят) Осы сынды аяттар өте көп. Дініміздегі рұқсат етілген тауассуль түрінде тірі ғұламалар, хафиздер, шейхтар арқылы Аллаға дұға қылуға болада ал бақиға аттанған ғұлама, хафиз немесе пайғамбарлар арқылы тауассуль жасауға рұқсат етілмеген. Бұл туралы Хафиз әрі ғалым абу аль - Аля аль - Мубаракфури аль - Хиндий аль - Ханафи "Тухфат аль - ахуази би - шарх джамиъ ат - Тирмизи" атты кітабында: "Сенімдімін, көзі тірі кезінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) арқылы тауассуль жасау яғни пағамбарымыз (с.ғ.с.) арқылы Аллаға дұға жасап әрі пайғамбарымыздың шафаъатна үміттену рұқсат етілген. Сол секілді пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ізгі із - басарлары арқылы да Аллаға дұға жасау үрдісі болды және бұл құптарлық. Ал ізгі ұрпақтар бақилық болғаннан кейін бұл іспен айналысуға ешкімнің хұқысы жоқ". - деген.
Tumagi men olmegi bar Adamnin abroinan, tulmagan ari magi tiri Allanin abiroia alde kaida artik. sol sebepten islam gulamalari tauasuldin osi turin kuptap, bugan karama kaishi eshkandai pikir bildirmegen. Barlik narsenin ozegi bolatin bolsa tauassuldin ozegi ol bir Allanin ozinen tileu. Alaida bul kiskasha aitilgan masele tauassuldin kalgan turlerin jokka shigarmaidi.
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.