Аллаһтың бір есімі - Әл Қаһһар! - Ислам дағуаты - Қазақша мақалалар - Діни мақалалар - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Жексенбі, 12.Ақпан.2012, 17:06
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
Намаз оқуыңа не кедергі?
Жауап берілді: 810
 Діни мақалалар
Негізгі бет » Мақалалар » Қазақша мақалалар » Ислам дағуаты


Аллаһтың бір есімі - Әл Қаһһар!

Мен бұл әңгімені бүгін Сапарбек бауырымнан естідім. Жақында Астана қаласында болған оқиға екен. Бір қазақтың байшыкеші құрылысқа өзбек ағайындарды жалдайды. Бар шаруасы біткесін қазекең жұмысшылардың еңбекақысының жартысын ғана береді де:
- Қайда барсаңдар онда барыңдар, сендерге басқа соқыр тиын да бермеймін. Болды! Кетіңдер! - дейді. Құрылысшылардың ішінде қартаңдау бірі - елден безіп, бала-шағасын асырау үшін ит арқасы қиянда азып-тозып, үсіп-тоңып, тырбаңдап жүргенін, мүсәпірдің ақысын жемеу керек екенін әбден-ақ ескертеді. Құдайдың атымен қорқыта сөйлейді. Қалтасы томпиғанға құдайын ұмытқан байшыкеш әлгі өзбекті «құдайымен қоса» тілдейді. Жәбір шеккен кісі отыра қалып қарғайды. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Жәбір шеккен адамның дұғасы қабыл болады» - деген хадисі тура келіп, әлгі бай бір қырсықтан, бір қырсыққа кезігіп, өте аз уақытта үй-жайынан безіп, қашқындық жолға түседі. Көрінгенге қарыз. Шалқақтаған жүрісін жоғалтып, бүгежектеп күн кешеді. Ақыры қаңғыбасқа айналады.

Әлемдердің жаратушысы болған, Шексіз құдіретті, Мәңгі тірі Аллаһтың алдында өз бетімізше түк бітіре алмайтын, әлсіз жаратылыс, бейшара құл екенімізді тез-ақ ұмытып кететініміз расында өкінішті-ақ...
Тағы да осындай алтынның буына мас болып, болып-толып, ісіп-кепкен байшыкештен бір танысы жағдай сұрайды.
- Жағдайды көріп тұрсың, Құдайың да бізге түк істей алмас - деп шіренеді шіркінің.
- Астағфируллаһ! Олай демеңіз. Асылық айтпай тәубе етіңіз. Әйтпесе толған тамақтың ортасында отырып-ақ аштан өлуіңіз оп-оңай! – деп танысы шыр-пыр болады.
«Таршылық адамды шынықтырады, баршылық адамгершілікті ұмыттырады» - деген емес пе, көзді соқыр, құлақты саңырау еткен тоқшылық - менменсіген сабазды тәубеге келтірмейді. Ай шамасындай уақыт өткенде әлгі бай қылтамақ ауруымен ауырып, көл-көсір тамағының бір жұтымы да бұйырмай, азаппен аштан өледі. Бәлкім жаны мұрын ұшына келгенде Жаратушысына жалбарынған да шығар, бірақ жан алқымға келгендегі тәубе қабыл етілмейді ғой».

Кесірлі ауыздан кесапатты сөз шығады» - деген. Әлемдегі ең алып кеме «Титаник» сапарға шығарда ағылшындар: «Бұған енді Құдайдың да шамасы келмейді» деп күпінген. Ал АҚШ ғалымдары» Челенджер» атты жер серігін жасап: «Бұл енді Құдайдың құпиясын ашады!» деп жаһанға жар салған. Екі алып та сол кеткеннен оралмай тас-талқан болғаны белгілі.

Төрт құбыласы түгел талай адамдардың дені сау болып жүріп-ақ, жылап-еңіреп, Аллаһқа құлшылық еткендері - ақыл-естерінің кемдігінен емес шығар...

Ақпарат көзі: http://www.kazakh.ru

Категориясы: Ислам дағуаты | Ендірген: Hayrulla (09.Қазан.2009) | Авторы: Авторы белгісіз...
Көрілді: 761 | Рейтингі: 5.0/9 |


Барлық пікірлер: 0
Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:

Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
жарнама орныңыз
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
Н.Төреқұлов мешіті

САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: bola80, erkintursynbek, Manas_mumin

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: Manas_mumin

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3565
Осы ай ішінде: 22
Осы апта ішінде: 8
Кеше: 2
Бүгін: 1