Қажылық
Қажылықтың артықшылығы
Қажылық - Ислам дiнiнiң ұстыны болған бес парызының
бiрi. Әлеуметтiк жағдайы келген мұсылман өмiрiнде бiр рет қажылық амалын
орындауы – парыз.
الْحَجُّ (әл-хәжж)
сөзiнiң тiлдiк мағынасы: мақсат, ниет ету – болса, шарғи мағынасы: құлшылық ету
ниетiмен Меккедегi Қағбаны зиярат етiп, Аллаһ Тағала орындауын талап еткен
амалдарды орындау.
Шариғатта қажылықтың екi түрi белгiленген.
1. الْحَجُّ (әл-хәжж) –
парыз немесе үлкен қажылық. Қажылықтың бұл түрi Құрбан айт уақытында, яғни Зүл-Хижжә
айының 8, 9, 10 жұлдызында орындалады.
2. الْعُمْرَة (әл-ьумра)
- ғұмра немесе кiшi қажылық. ғұмра Зүл-Хижжә айының 8, 9, 10 – нан басқа
уақыттарда орындала бередi.
Жоғарыда айтылғандай жағдайы келген мұсылманның
өмiрiнде бiр рет қажылық амалын орындау парыз болса, шамасы келген жағдайда
тағы қажылыққа бару – мустахаб болады. Яғни, барса – сауап, бармаса – күнәһар
емес. Қажылық - Аллаһ Тағаланың разылығы мен жеке бас қамы үшiн орындалатын
амал. Сондықтан, қажылыққа барған адам: "Қажылыққа бардым, iс бiттi”, – емес,
үнемi: "Қажылығым қабыл болса екен. Қажылыққа барып алған сауабымнан Аллаһ
Тағаланың әмiрiне қарсы келiп, жойып алмасам болар едi”, – деген ойда болғаны
абзал.
Адамдардың арасында: "Түркiстан – екiншi Мекке.
Түркiстанға жетi рет бару – бiр рет қажылыққа барғанмен тең”, – деген сөз бар.
Алайда, дiндердiң iшiнде Исламға тең келетiн дiн болмағанындай, жер бетiнде
мұсылмандардың қыбласы болған Мекке мен ондағы "Бәйтүл-Харам” (сөзбе-сөз:
Қасиеттi үй) тең келетiн орын жоқ. Мұсылман намазын оқыған уақытта Аллаһ
Тағаланың әмiрiне сәйкес жүзiн "Бәйтүл-Харамда” (Мекке мешiтiнде) орналасқан
Қағбаға бұруы шарт. Арабтар төрт бұрышты үйдi "қағба” деп айтады.
Бәйтүл-Харамның ортасында орналасқан төрт бұрышты құрылыстың "қағба” деп аталуы
осы себептен.
Бәйтүл-Харамды "мәсжидүл-Харам” деп те атайды. "Харам”
сөзiнiң өзi араб тiлiнде "тыйым салынған” және "қасиеттi” деген мағыналарды
бiлiдiредi. Мекке мешiтiнде жыбырлаған жәндiктi өлтiруге тыйым салынғандықтан
"мәсжидүл-Харам” (Қасиеттi немесе кез келген жан иесiн өлтiруге тыйым салынған
мешiт) деп аталады.
"بُنِيَ
الإِسْلاَمُ عَلَى خَمْسٍ: شَهَادَةِ أَنْ لاَ إِلَهَ إِلاَّ اللَّه وَأَنَّ
مُحَمَّداً رَسُولُ اللَّهِ، وِإِقَامِ الصَّلاَةِ، وَإِيتَاءِ الزَّكَاةِ،
وَحَجِّ الْبَيْتِ، وَصَوْمِ رَمَضَانَ"
"Ислам бес нәрсеге негiзделген:
Аллаһ Тағаладан басқа тәңiр жоқ, Мухаммад (с.а.с.)
Оның Елшiсi – деп куәлiк беру;
Намаз оқу;
Зекет беру;
Қажылыққа бару;
Рамазан айында ораза ұстау. Ибн Омардан (р.а.) Бухари және Муслим риуаят еттi.
"خَطَبَنَا
رَسُولُ اللهِ صلى الله عليه وسلم فَقَالَ: "أَيُّهَا النَّاسُ! قَدْ فَرَضَ
اللهُ عَلَيْكُمُ الْحَجَّ فَحُجُّوا" فَقَالَ رَجُلٌ: أَكُلَّ عَامٍ، يَا
رَسُولَ اللهِ؟ فَسَكَتَ. حَتّضى قَالَهَا ثَلاَثاً. فَقَالَ رَسُولُ اللهِ صلى
الله عليه وسلم: "لَوْ قُلْتُ: نَعَمْ، لَوَجَبَتْ. وَلمَا اسْتَطَعْتُمْ".
ثُمَّ قَالَ: "ذَرُونِي مَا تَرَكْتُكُمْ. فَإِنَّمَا هَلَكَ مَنْ كَانَ
قَبْلَكُمْ بِكَثْرَةِ سُؤَالِهِمْ وَاخْتِلاَفِهِمْ عَلَى أَنْبِيَائِهِمْ.
فَإِذَا أَمَرْتُكُمْ بِشَيْءٍ فَأْتُوا مِنْهُ مَا اسْتَطَعْتُمْ. وَإِذَا
نَهَيْتُكُمْ عَنْ شَيْءٍ فَدَعُوهُ"
"Расулуллаһ (с.а.с.) хұтбада
тұрып: "Ей, адамдар! Аллаһ Тағала сендерге қажылықты парыз еттi. Соны
орындаңдар”, – дедi. Бiреу: "Я, Расулуллаһ (с.а.с.)! Әр жылы қажылық етемiз
бе?”, – деп сұрады. Расулуллаһ (с.а.с.) үндемедi. Әлгi адам сұрақты үшiншi рет
қайталағанда Расулуллаһ (с.а.с.): "Мен: "Иә”, – десем, сендерге әр жылы
қажылыққа бару мiндеттi болады. Мен сендерге айтпаған нәрсенi қазбалап сұрай
бермеңдер. өйткенi, сендерден бұрын өмiр сүргендер пайғамбарларына орынсыз
сұрақ беру мен оларға қарсы келгендерi себебiнен опат болған. Мен сендерге бiр
нәрсенi бұйырсам, шамаларың жеткенiн iстеңдер. Бiр нәрседен тыйған болсам, одан
тыйылыңдар”, – деп жауап бердi.” Әбу һурайрадан (р.а.)
Муслим риуаят еттi.
"سُئِلَ
رَسُولُ اللهِ صلى الله عليه وسلم: أَيُّ الأَعْمَالِ أَفْضَلُ؟ قَالَ:
"إِيمَانُ بِاللهِ" قَالَ: ثُمَّ مَاذَا؟ قَالَ: "الْجِهَادُ فِي
سَبِيلِ اللهِ" قَالَ: ثُمَّ مَاذَا؟ قَالَ: "حَجٌّ مَبْرُورٌ"
"Расулуллаһтан (с.а.с.):
"Исламдағы ең абзал амал қандай?”, – деп сұралғанда, Ол (с.а.с.): "Аллаһ Тағалаға
иман келтiру”, – деп жауап бердi.
Ал, одан кейiн?
Аллаһ Тағала жолында күресу.
Ал, одан кейiн ше?
Шариғат талабына сай орындалған қажылық.” Әбу һурайрадан (р.а.) Бухари және
Муслим риуаят еттi.
"مَنْ
حَجَّ هَذَا الْبَيْتَ، فَلَمْ يَرْفُثْ وَلَمْ يَفْسُقْ رَجَعَ كَمَا وَلَدَتْهُ
أُمُّهُ"
"Қажылық амалын орындау барысында
жаман сөз айтпаған және күнәлi iс iстемеген адам, қажылықтан анасы жаңа тұған
нәрестедей пәк болып оралады.” Әбу
һурайрадан (р.а.) Бухари және Муслим риуаят еттi.
"الْعُمْرَةُ
إلَى الْعُمْرَةِ كَفَّارةٌ لِمَا بَيْنَهُمَا وَالْحَجُّ الْمَبْرُورُ لَيْسَ
لَهُ جَزَاءٌ إِلاَّ الْجَنَّةُ"
"Бiр рет ғұмраға барғаннан кейiн,
екiншi рет ғұмраға бару – арасында iстелген күнәларға кәффарат (күнәнi
кетiретiн амал) болса, шариғат талабына сай орындалған қажылықтың жазасы тек
жәннат болады.” Әбу һурайрадан (р.а.)
Бухари және Муслим риуаят еттi.
"عَنْ
عَائِشَةَ أُمِّ الْمُؤْمِنِينَ رَضِيَ اللهُ عَنْهَا، أَنَّهَا قَالَتْ: يَا
رَسُولَ اللهِ! نَرَى الْجِهَادَ أَفْضَلَ الْعَمَلِ. أَفَلاَ نُجَاهِدُ؟ قَالَ:
لاَ، لَكِنَّ أَفْضَلَ الْجِهَادِ حَجٌّ مَبْرُورٌ"
"Айша анамыз (р.а.) Расулуллаһтан
(с.а.с.): "Я, Расулуллаһ (с.а.с.)! Бiздiң бiлгенiмiз, Исламдағы ең абзал амал –
Аллаһ Тағала жолында күресу екен. Ондай болса, бiз де (яғни, әйелдер) жиһадқа
қатыссақ болатын шығар?”, – деп сұрағанда, Расулуллаһ (с.а.с.): "Жоқ. Сендер
үшiн жиһадтың ең абзалы – шариғат үкiмiне сай қажылық амалын орындау”, – деп
жауап бердi.” Айша анамыздан (р.а.) Бухари риуаят еттi.
Арафат күнiнiң артықшылығы
"مَا
مِنْ يَوْمٍ أَكْثَرَ مِنْ أَنْ يَعْتِقَ اللهُ عَزَّ وَجَلَّ فِيهِ عَبْدًا أَوْ
أَمَةً مِنَ النَّارِ مِنْ يَوْمِ عَرَفَةَ وَإِنَّهُ لَيَدْنُو ثُمَّ يُبَاهِي
بِهِمُ الْمَلاَئِكَة وَيَقُولُ مَا أَرَادَ هَولاَءِ"
"Аллаһ Тағала құлдарын тозақ
отынан азат етуде Арафат күнiмен тең келетiн күн жоқ. Арафат күнi оларға
перiштелер жақындап, мұсылмандарды көргенiн мақтаныш тұтады. Әрi, олардың
дұғалары қабыл болуына тiлектес болады.” Айша анамыздан (р.а.)
Муслим риуаят еттi.
Қажылықтағы өкiлеттiлiк
"عن
ابن عباس رضي الله عنهما، أَنَّ امْرَأَةً قَالَتْ: يَا رَسُولَ اللهِ! إِنَّ
فَرِيضَةَ اللهِ عَزَّ وَجَلَّ عَلَى عِبَادِهِ فِي الْحَجِّ، أَدْرَكَتْ أَبِي
شَيْخًا كَبِيرًا لاَ يَسْتَوِي عَلَى الرَّاحِلَةِ، فَهَلْ يَقْضِي عَنْهُ أَنْ
أَحُجَّ عَنْهُ؟ قَالَ لَهَا رَسُولُ اللهِ صلى الله عليه وسلم:
"نَعَمْ"
"Бiр әйел: "Я, Расулуллаһ (с.а.с.)!
Аллаһ Тағала құлдарына қажылықты парыз еттi. Алайда, менiң қарт әкем жолға
жарамайды. Мен әкемнiң атынан қажылыққа барсам болады ма?”, – деп сұрағанда,
Расулуллаһ (с.а.с.): "Иә, болады”, – деп жауап бердi.” Ибн Аббастан (р.а.) Бухари және Муслим риуаят еттi.
"جَاءَ
رَجلٌ إلَى النَّبِيِّ صلى الله عليه وسلم فَقَالَ: يَا نَبِيَّ اللهِ! إِنَّ
أَبِي شَيْخٌ كَبِيرٌ لاَ يَسْتَطِيعُ الْحَجَّ وَلاَ الْعُمْرَةَ، وَلاَ
الْظَعَنَ؟ قَالَ: "حُجِّ عَنْ أَبِيكَ وَاعْتَمِرْ"
"Нәбиге (с.а.с.) бiр адам келiп:
"Я, Аллаһтың Елшiсi (с.а.с.)! Менiң әкем өте қарт адам. Ол қажылыққа да,
ғұмраға да, басқа сапарға да жарамайды”, – деп айтқанда, Расулуллаһ (с.а.с.):
"Ондай болса әкеңнiң орнына қажылықты да, ғұмраны да өте”, – деп бұйырды.” Хадистi Ләқит ибн
Ьамирден (р.а.) Әбу Дауд және Тирмизи риуаят еттi.
Жас балалардың қажылығы
"حُجَّ
بِي مَعَ رَسُولِ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيهِ وَسَلَّم فِي حُجَّةِ الْوَدَاعِ
وَأَنَا ابْنُ سَبْعَ سِنِينَ"
"Әкем Расулуллаһпен (с.а.с.)
бiрге "қоштасу қажылығына”
барғанында менi өзiмен бiрге алды. Ол кезде менiң жасым жетiде едi.” Хадистi Әс-Саиб ибн Йазидтен (р.а.) Имам Бухари риуаят
еттi.
"عَنِ
ابْنِ عَبّاسٍ، أَنَّ النَّبِيَّ صلى الله عليه وسلم لَقِيَ رَكْباً
بِالرَّوْحَاءِ. فَقَالَ: "مَنِ الْقَوْمُ؟" قَالُوا: الْمُسْلِمُونَ.
فَقَالُوا: مَنْ أَنْتَ؟ قَالَ: "رَسُولُ اللهِ" فَرَفَعَتْ إِلَيْهِ
امْرَأَةٌ صَبِيًّا فَقَالَتْ: أَلِهَذَا حَجٌّ؟ قَالَ: "نَعَمْ. وَلَكِ
أَجْرٌ"
"Бiрде Нәби (с.а.с.) ар-Раухада
(Ар-Рауха – мекен атауы) бiр керуендi кездестiрiп, керуендегiлерден: "Сендер
кiмсiңдер?”, – деп сұрады. Керуендегiлер: "Бiз – мұсылманбыз. өзiңiз кiм
боласыз?”, –дедi. Расулуллаһ (с.а.с.): "Мен Аллаһ Тағаланың Елшiсiмiн”, – деп
жауап бердi. Сол уақытта бiр әйел қолындағы сәбиiн көтерiп: "Мынау сәби
қажылықты орындаса бола ма?”, – деп сұрады. Расулуллаһ (с.а.с.): "Иә, болады.
Оның сауабы саған жазылады”, – деп жауап бердi.” Хадистi Ибн Аббастан (р.а.) Имам Муслим риуаят еттi.
Дайындаған: «Ықылас»
мешітінің имамы Ұлықбек Алдиакбарұлы.
"қоштасу қажылығы”, – Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
жасаған соңғы қажылығы.
|