Қажылық-2009 ға тегін жолдама бәйгесі жариялануда - Қажылық және умра (кіші қажылық) - Фиқһ - намаз, ораза, зекет, қажылық. - Діни мақалалар - Дінисламға қош келдіңіз
Сәрсенбі, 23.Мамыр.2012, 22:52
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Сіз қайсы мазхабты ұстанасыз?
Жауап берілді: 1186
 Діни мақалалар
Негізгі бет » Мақалалар » Фиқһ - намаз, ораза, зекет, қажылық. » Қажылық және умра (кіші қажылық)


Қажылық-2009 ға тегін жолдама бәйгесі жариялануда
Қазіргі таңда www.asylarna.kz сайты ислам дінінің асыл құндылықтарын насихаттайтын үлкен видеопорталға айналып келеді. Күнделікті жаңартылып отыратын бұл сайт ALMA-TV кабельдік жүйесі арқылы эфирге тарап жатқан «Асыл арна» ислами-ағартушылық телеарнасының ғаламтордағы ресми видеосайты болып табылады. Сайттың күнделікті зияратшылары пайда болды. Діни бағыттағы видеоөнімдерді интернет бетінен көріп тамашалаған зияратшылар тарапынан алғыстар мен ұсыныстар көптеп ағылуда. Сонымен қатар, сайт Қазақстанда ана тіліміздің дамуына да өз үлесін қосуда. "Асыл арна" телеканалында қазақ және орыс тілдерінде көрсетіліп жатқан барлық видеоларды осы Сайттан көрулеріңізге болады. Әрине, кемшіліксіз нәрсе жоқ, өзіңіз байқаған қателер болса, кем-кетістіктер байқасаңыз, немесе өз тарапыңыздан айтар ұсынысыңыз болса, сайт әкімшілігі тыңдауға әзір.
Осы орайда, "Асыл арна" телеарнасынан жарияланып жатқан «Қажылыққа тегін жолдама!» атты бәйгенің электронды нұсқасы Сайттың бетінде жарияланған. Арнайы қойылған банерлердің (сайттымыздың негізгі бетінде жоғарғы және оң жағында) үстін басып кіру арқылы бұл бәйгеге қалай қатысуға болады, оның қандай шарттары бар, не әзірлеу керек деген санқилы сұрақтардың барлығына нақты жауап ала аласыз. Қазірдің өзінде телеарнада және сайт бетінде жарияланған мәліметтерді көріп, көптеген өнерлі мұсылман бауырлар өздерінің туындыларын сайтқа жолдауда. Діни өлең жазатын ақындардың еңбектері сайттың электронды почтасына келіп түсуде.
Сайттың бетінде "Қажылық-2009 қа тегін жолдама!" бәйгесінің видеолары да қойылды. Оларды сайт бетінен көріп тамашалай аласыз.
Исламдағы бес парыздың бірі болып табылатын Қажылық құлшылығына әзірленген тегін жолдамалардың бірі Сізге де бұйырады деп үміт етеміз!
Аллаһ тағала ниетіңізді қабыл етсін! Сізге Қажылық-2009 сапарын нәсіп етсін деп тілейміз! Ислам дінінің өсуіне үлес қоса беріңіз! 


Категориясы: Қажылық және умра (кіші қажылық) | Ендірген: Dinislam_Kz (24.Қыркүйек.2009)
Көрілді: 691 | Рейтингі: 5.0/5 |


Барлық пікірлер: 1
06.Қазан.2009
1. Болат (shamshat)
Іске сәт, бәйгеге қатысушыларға....

[пікірдің сілтемесі]

Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
жарнама орныңыз
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
Н.Төреқұлов мешіті

САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: xatab

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3620
Осы ай ішінде: 12
Осы апта ішінде: 4
Кеше: 0
Бүгін: 0