Егіні бітіктің қырманына қыдыр қонады - Білгенге маржан - Қазақша мақалалар - Діни мақалалар - Дінисламға қош келдіңіз
Сәрсенбі, 23.Мамыр.2012, 22:53
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
"АСЫЛ АРНА" телеарнасын қайдан көресіз?
Жауап берілді: 686
 Діни мақалалар
Негізгі бет » Мақалалар » Қазақша мақалалар » Білгенге маржан


Егіні бітіктің қырманына қыдыр қонады
Егіні бітіктің қырманына қыдыр қонады
Ұстаз... Ел арасында қадірлі болған ұстаздың қазіргі күні қадірі кеткендей. «Шәкіртім» деп айтар емірен сөз де ұстаздың ернінен, жүрек ернеуінен кеткелі қай заман. «Шәкіртсіз – ұстаз тұл» деп айтар дәуірдің де беті бері қараудан қалған. Оған себеп – не ұстаз қадірсіз, не шәкірт қасиетсіз. Әрине, бәріне топырақ шашудан аулақпыз. Өткеннің ұстазы қандай еді?.. Соны еске алысайықшы...
«Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден баланы», – деп айтқан қазақтың ұлы ақыны хакім Абайдың өзі ұстаздық міндетті мойнына алуға жүрексінді. Олай дейтін себебіміз, өзінің бірінші қара сөзінде ол бұл ойын былай сабақтайды: «Бала бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай әрекетке қосайын? Балаларымның өзіне ілгері өмірімнің, білімінің пайдасын тыныштықпен көрерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар не қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам? Оны да ермек қыла алмадым».
Хакім Абайдың өзі шәкірт алдында ұстазға зор міндеттің, ерен еңбектің, талмас талаптың тұрғанын сезініп, оған жүрегі дауаламады. Ал осылай деген Абайдың өзі бүкіл адамзат пен қарға тамырлы қаймана қазаққа ұлы ұстаз болып қалғанын, бола бермектігін сезінді ме екен?.. Сезінбеді, білмеді де! Өйткені, ол әулие. Әулие әулиелігін тек қара жердің қойнауына кіргеннен соң сезінбек.
Қазіргі ұстаздардың санасында тұрар талайғы сауалдың бірі мен бірегейі – «қайтсем шәкіртімнің жүрегіне жол табар екем» болуы керек. Өйткені, ұстаздың шәкірт жүрегіне салатын сара жолы – өмірінің негізі болар дара жолы. Ұстаздың берген ілімі – болашақ ғұмырының іргетасы. Қисық қалытасқан іргетастың үстіне қаланған там тұрмақ қора да лашық болып жарытпайды. Ұстазы көсеу болса егер, шәкірті шоқ боп жанар ма еді.
Қазақ ұстаздарының басы саналған Ыбырай Алтынсарин де балаларды баурайына жинап, Алланың өзіне тәуекел еткені де ұстаздық міндеттің зорлығын сезгені. Сол үшін де:
«Бір Алланың атымен,
Кел, балалар, оқылық!», – деді емес пе?.. Ыбырай Алтынсарин Алланың атымен басталған істің берекелі болатынын білген соң осылай бастауға мәжбүр болды. Соның нәтижесінде қазақ даласындағы қараңғылықтың пердесін сырар қаншама ағатушылық мектептер ашқызды. Өйткені, Ыбырай Алтынсарин «адамға сенгеннің екі көзі шығатынын, Аллаға сенгеннің екі бүйірі шығатынын білді». «Аллаға сенген құстай ұшатынын, адамға сенген мұрттай ұшатынын» түйсінді. Алланың Қасиетті Құранындағы Ғәләқ сүресінде: «Барлық жаратылысты жаратқан Раббыңыздың атымен оқыңыз!», – деген. Ыбырай да осыны өзек еткен. (Қала берді В.И.Ленин де «Оқы, оқы және оқы!» деп Құранның сөзін айтқан).
Тура сол сүреде Алла: «...Оқыңыз! Сіздің Раббыңыз адамзатқа қаламды, яғни жазу-хатты үйреткен өте ардақты», – дейді. Бұл оқушыға емес, адамзатқа айтылған қасиетті аят. Ұстаздың тынымсыз білім ізденісі оқушының дүниетанымын кеңейтуге сеп. Ал білімін сарқымаған ұстаз ағынсыз жатқан жайдақ сумен тең. Сасиды да қалады. Дана халықымыз қазақ: «Тал бесіктен, жер «бесікке» дейін ілім ізден» дейді. Ол Алланың парызы.
Ал ұстаздың басымшылық білдіре, екпін түсіре берер білімі қандай болуы керек? Жалпақ тілмен айтқан «білім» екі түрлі болады. Бірі – білім. Екіншісі – ілім. Екеуі мүлдем екі түрлі. Білім – ішпек, жемектің қамы үшін қажет. Күнделікті жер нан үшін қажет. Білімге айла, амал араласқан соң табылады-дағы. Біз бұл білімді пайдасыз деуден аулақпыз. Өйткені, тән қамын ойлау үшін бұл білімнің керегі мол. Бірақ, ілімді де адам ұмырпау керек. Ілім – Алланың адамзатқа арнап жаратқан адамшылық қазынасы. Ілім – ар, ынсап, рахым, ұят, сабырдан келеді. Адамның адамдық болмысы біліммен емес, іліммен толықсиды. Биліктің тұтқасына жармасқан білімді деген азаматтарымыздың жемқорлық, парақорлық, жалақорлық деген қорлықтармен ұсталып, темір тордың әр жағына тоғытылып жатқанын көргенде ойға не келуші еді? «Біз оны білімі бар деп жүрсек, жемқор екен ғой» дейміз кейде. Расымен ол адамда білім бар еді, бірақ ілімнің жетіспеушілігі қорлыққа тап етті. Бұдан білімнің бұл жалғанның өзінде өміршең емес екеніне көз жетеді. Ал егер ол ілімді азамат болғанда арды аттап, адамдықтан надандыққа аяқ басар ма еді? Жоқ! Өйткені, адамдықтың асыл сақшысы – ілім. Ілім өмірлік сабақтан түйгеннен, жүре жолай ілгеннен келеді. Білім «өзім білдіммен» кетеді. Сондықтан, қазірдің ұстазы ілім мен білімнің парқына барса игі еді. Білімін ынсаппен сүзіп, ар ілімін шәкіртіне сарқыса игі еді.
Сананы тұрмыс билесе де, ұстаз оған бой алдырмау керек. Оқушы сонда ғана ұшпаққа жетер. Ұстаздың мәдениеті 45 минуттық сабақта ғана болмай немесе төрт қабырғалы, тізілген парталы бөлменің ішінде ғана қалып қоймай, өзімен бірге ілесе жүрсе дейміз... Ұстаздық кадрдің қадыры сонда ғана болар. Ұстаз аудиторияда ғана ұстаз емес, өмірде де ұстаз болуы шарт. Қарынның құлы болмай, дарынның құлы болғаны керек. Өйткені, тағы да ұстаз Абайға сөз берсек: «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзің үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың!». Адамшылықтың қарызы – ұстаздың шәкірті алдындағы берер парызы.
Шәкірт – егіс алаңы. Ұстаздың ілімі – дән. «Не ексең, соны орасың». Шәкіртім білімсіз десең, өзіңнен көр! Шәкіртте оқуға деген ынта болмаса, ынта-дәнін «себе алмаған» тағы да өзіңнен көр! Шәкірттің іргетасы – ұстаздың мойнында. Өзіңді мама ағашпын десек, шәкіртің – жемісің! Алма алма ашағынан алысқа түспейді. Ұстаз ілімі – сойыл болса, «сойылды сілтей білмеген, өзіне тигізер». Қалауын тап. Қарын жақ. Қар жанса, шам жағу сөз боп па? Ілімнің шамы да қалауын тапса жарқырар. «Екпей егін шықпас, үйренбей ілім жұқпас». Ал егіні бітіктің қырманына қыдыр қонады!..
 Сайран СӘКЕН, ұстаз.


Категориясы: Білгенге маржан | Ендірген: Dinislam_Kz (26.Қазан.2010) | Авторы: Сайран СӘКЕН
Көрілді: 712 | Рейтингі: 0.0/0 |


Барлық пікірлер: 0

Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
жарнама орныңыз
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
Н.Төреқұлов мешіті

САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: xatab

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3620
Осы ай ішінде: 12
Осы апта ішінде: 4
Кеше: 0
Бүгін: 0