"Иләһ" - Біздің ақидамыз - Қазақша мақалалар - Діни мақалалар - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Дүйсенбі, 06.Ақпан.2012, 21:08
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
Қай облыстан боласыз?
Жауап берілді: 1760
 Діни мақалалар
Негізгі бет » Мақалалар » Қазақша мақалалар » Біздің ақидамыз


"Иләһ"
Әһли сүннет бойынша Аллаһ Таъаланы „Иләһ„ деп білу яғни ғибадат қылуға лайық жалғыз тәңір деп білу таухидтің үш негізінің бірі. Анық саны Аллаға ғана мәлім пайғамбарлардың барлығы өз қауымын Аллаға ғана құлшылық етуге шақырған мәселең қасиетті Құранда: Маған (Мұхаммедке c.ғ.с.) Тәңірлерің бір ақ Тәңір екендігі уахи етілуде. Сондай ақ кім Раббысына жолығуды үміт етсе, сонда түзу іс істеп, Раббысына істеген құлшылығында Оған ешкімді ортақ қоспасын„ де. (Кәһф сүресі 110 аят)

„Алладан басқаға әсте құлшылық қылмаңдар. Шын мәнінде мен (Мұхаммед с.ғ.с.) сендерге Оның (Алланың) тарапынан қорқытушы әрі қуантушымын„ (Һуд сүресі 2 аят)

Расында Мәриям ұлы Мәсихты (Иса ғ.с.): „Алла„ дегендер кәпір болады. Негізінен Мәсих: „Әй Израил ұрпақтары! Аллаға құлшылық қылыңдар! Менің Раббым; әрі сендердің Раббыларың! Өйткені, кім Аллаға ортақ қосса, расында Алла оған жәннәтті харам етеді. Оның орны тозақ оты. Сондай ақ залымдар үшін жәрдемші жоқ„
- деген. (5. 72.)

„Шынында Раббым мені тура дінге, Ибрахимның (ғ.с.) нағыз жолына салды. Ол ортақ қосушылардан емес еді„ де. „Намазым, құлшылығым, тіршілігім және өлімім бүкіл әлемнің Раббысы Аллаһ үшін„ де. „Оның серігі жоқ. Осылай бұйырылдым және мен бой ұсынушылардың алғашқысымын„ де. „Ол әр нәрсенің Раббы бола тұра Алладан басқа Раббы іздейін бе? Әрбіреудің істегені өзіне тән. Біреудің күнәсін біреу көтермейді. Сонан соң қайтар жерлерің Раббыларыңның дәркағы„. (6. 161-164.)

Расында Нұхты (ғ.с.) еліне пайғамбар етіп жібердік. Сонда ол: „Әй елім! Аллаға құлшылық қылыңдар, сендердің Одан басқа тәңірлерің жоқ. Шәксіз мен сендерге келетін ұлы күннің азабынан қорқамын„ деді. (7. 59)

„Және Ъад еліне туыстары Һудты (ғ.с.) жібердік: „Әй елім! Аллаға құлшылық қылыңдар! Сендердің Одан басқа тәңірлерің жоқ. Қорықпайсыңдар ма?„ - деді.
(7. 65.)

Және Сәмуд елінің туыстары Салих (ғ.с.) ты жібердік: „Әй қауымым! Аллаға құлшылық қылыңдар, сендердің Одан басқа тәңірлерің жоқ. (7. 73.)


Мәдиян еліне туыстары Шұғайыпты (ғ.с.) жібердік: „Әй елім! Аллаға құлшылық қылыңдар. Сендердің Одан басқа тәңірлерің жоқ. Сендерге Раббыларыңнан ашық бір дәлел келді. Енді өлшеуді, таратуды толық орындаңдар. Адамдардың нәрселерін кемітпеңдер. Түзелгеннен кейін жер жүзінде бүлікшілік қылмаңдар. Егер иман келтірген болсаңдар, сендерге осы істерің жақсы„ деді. (7. 85.)


(Мұхаммед ғ.с.): „Әй Кітап иелері! Біздің арамызбен сендердің араларыңа бірдей бір сөзге келіңдер; жалғыз Аллаға құлшылық қылайық, Оған еш нәрсені ортақ қоспайық. Сондай ақ Алладан өзге бір - бірімізді тәңір тұтпайық„ деп айт. Егер олар жүз бұрса: „Куә болыңдар, шәксіз біз Мұсылман болдық„ деңдер. (3.64.)


Жоғарыдағы аяттарда Алла Таъала Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) осылай деп айт деген әмірлер арқылы жеткізілсе мына бір аятта Жаббар Иеміздің өзі: „Рас мен Алламын. Менен басқа тәңір жоқ. Сондықтан маған құлшылық қыл. Сондай ақ Мені еске алу үшін намазыңды толық орында„ (Таһа сүресі 14 аят)

„(Мұхаммед ғ.с.) расында саған бұл Кітапты бір шындықпен түсірдік. Сонда Аллаға дінді нағыр арнап, құлшылық қыл. Көңіл бөліңдер! Дін нағыз Аллаға тән. Сондай Алладан өзгені дос тұтқандар: „Біз бұларға, Алллаға жақындастырсын деп қана табынамыз„ (дейді.) Күдіксіз олардың араларындағы таласқан нәрселеріне Алла Таъала үкім береді. Расында Алла, кім өтірікші, өте қарсы болса, оны тура жолға салмайды. (Зүмәр сүресі 2 - 3 аят)


„Сендердің Одан өзге шоқынған нәрселерің, сендер әрі аталарың атаған құр аттар ғана. Алла, оларға табынуға байланысты ешбір дәлел түсірмеген. Үкім Аллаға ғана тән. Ол, өзіне ғана құлшылық қылуларыңды бұйырған. Міне осы, тұп тура дін. Бірақ адамдардың көбісі білмейді„. (Юсып сүресі 40 - аят)




Категориясы: Біздің ақидамыз | Ендірген: Salamat (25.Желтоқсан.2009) | Авторы: Ғалым Оспан
Көрілді: 1261 | Рейтингі: 4.8/25 |


Барлық пікірлер: 2
14.Ақпан.2010
2. maria nauanova (muslim9090)
МашАЛЛАҺ!

[пікірдің сілтемесі]
26.Желтоқсан.2009
1. Abdu (Salamat)
Қазақ халқында "рас айтасың ба?" - деп куәлік келтіруді талап етсеңіз "Оллахи, бұллахи." шын айтамын дейді бұл сөз араб тіліндегі "Иләһи, бииләһи" Яғни ғибадат қылуға лайық Тәңірмен ант етемін деген сөз айтқан.

[пікірдің сілтемесі]
Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:

Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
жарнама орныңыз
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
Н.Төреқұлов мешіті

САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: meru0312, Aisha, алпамес

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: алпамес

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3558
Осы ай ішінде: 21
Осы апта ішінде: 2
Кеше: 0
Бүгін: 1