Ислам дінінде Ораза айттың маңыздылығы Діни өмірімізде ерекше орны болған қасиетті айдың ішіндеміз. Рамазан айы аяқталуға аз қалды. Алдымыздағы жексенбі күні Ораза айт басталады. Осы құтты мейрамда жақын туыстарымыз, жұбайымыз, балаларымыз, әке-шешемізден бастап барлық достарымыздың және жег-жаттарымыздың мерекесін құттықтап, қуанышымызды бөлісеміз. Дініміз бір тепе-теңдік діні болып табылады. Ислам тек бұл дүниені де о бір дүниені де ортылыққа қоймайды. Дініміздің орталығында бұл дүние және ақіретпен бірге адам бар. Өйткені Ислам адамның ахлақты болуы үшін, адамның адамдық қасиетін қалыптастыруы үшін бар. Осы тұрғыдан алғанда Ислам әрі жеке адамды, әрі қауымды көздейді. Құндылықтар және принциптерімен әрі жеке адамның, әрі қауымның бақытты болуын жүзеге асыруды мақсат етеді. Адамның әрі ақылын, әрі сезімін, әрі түйсігін қамтыған дініміз адамды барлық қырымен бір тұтастық ішінде игереді және адамдық қасиетін қалыптастырады. Ислам дінінің адам қасиетін қалыптастыруы Құран-Кәрім арқылы жүзеге асады. Осылайша Ислам адамның бұл дүниесін жасағанда ақіретін де көздеуді нысанаға алады. Дін адамның әрі Алла, әрі адам, әрі әлеммен болған байланыстарын реттеу үшін Алла тарапынан қойылған құндылықтар тізбегінің аты болып табылады. Дініміз адамның тек Алламен болған байланысын ғана емес, сонымен қатар маңындағы адамдарға қарата тұғырын да белгілейді. Ислам адамға жақсы мен жамандықтың, дұрыс пен бұрыстың не болғанын көрсетумен бірге жақсы да дұрыс бір адам бола алуы үшін оған рухани бір орта дайындайды. Осы мағынадан алғанда Ислам адамға тек кедейлерге көмек беруді ғана насихаттамайды. Оған жылда бір ай ораза ұстатады. Осылайша кедейлікттен көрген аштық пен сусыздықтың қандай болатынының дәмін татқызады. Адамдармен жақсы қарым-қатынас жасауы керектігін білдірумен қатар жылына екі рет мейрам жариялайды. Осылайша қауымның бір-бірімен араласуына, татуласуына және үзілуге аз қалған байланыстардың қайтадан орнығуына негіз қалайды. Бір күннен кейін ораза айт болады. Жексенбі күні барлығымыз ораза айтты құттықтаймыз. Мейрам сөзінің мағынасы молшылық, берекет, қуаныш және шаттық күні дегенді білдіреді. Мейрам адам өміріндегі қуанышының шыңы. Мейрам қауымның береке-бірлігі мен қоян-қолтық араласу сезімінің күшеюіне себеп болады. Сондықтан қиыншылығы болған таныс-білістеріміздің проблемаларын мейрам арқылы жеңілдету жолдарын іздестіреміз, қуаныштарын бөлісеміз. Осылайша барша қауым болып бірлікте мерекенің шаттығына бөленеміз. Пайғамбарымыз Мединеге келгенде Мединеде өмір сүрген адамдардың көңіл көтеріп қуанышқа бөленген екі күнінің болғанын көреді. Осыған орай былай дейді: «Ұлы Алла сіздерге сол екі күннің орнына олардан тіпті қайырлы екі мейрам берді. Бұлар Ораза айт пен Құрбан айт болып табылады.» Міне Ораза айт Пайғамбардың осы бұйрығы бойынша құттықтала бастаған. Осы көңіл байлығымен мейрамда кедей-кембағалдарды, жетім-жесірлерді, ауруларды, жолда қалғандарды, балаларды және қарияларды қуанту керек. Ұзақ уақыттан бері кездесуге, әңгімелесуге мүмкіндік таба алмаған туыс-туғандар, көршілер және дос-жарандармен кездесіп әңгімелесу керек. Олардың қуанышы мен қайғыларын бөлісу керек. Осылайша адамдық қарым-қатынастар мейрам арқылы қайтадан қалпына түседі. Дініміздің орталығында адам болғанын айтуымыздың себебі де осы. Дініміз адамның әрі осы дүниеде бақытты болуын, әрі ақіретін ұмытпауын талап етеді. Адамның бақыттылығы осы дүние мен ақіретін бірге ойлауымен ғана жүзеге асады. Ислам діні адамдарға ахлақтық әдептерді үйретумен қатар адамға бұл инабаттылықты іс жүзіне айналдыратын ыңғайлы рухани бір орта дайындайды. Бұл рухани ортаны Ислам иман негіздері мен ғибадат негіздері арқылы қалыптастырады. Дініміз бұйрық еткен ғибадаттардың бәрінің мақсаты адамның ахлақ жағынан пісіп-жетілуін қамтамасыз ету болып табылады. Айт намазын оқу, бес уақыт намаз, ораза, зекет және қажыға баруды ойлайтын болсақ, Алла үшін жасалған барлық ғибадаттардың адамға әрқашан жақсылыққа ұмтылатын бір мінез-құлық бергенін көреміз.
|