Сауд Арабия. Мекке. - Меккедегі әл-Харам мешітінде телефондар орнатылды. Сауд Арабияға келген миллиондаған қажылар немесе зияратшылар Кағбаның имамs оқыған құранды естіп, Кағбаға неғұрлым жақын болғанды қалайды. Енді жаңа технологиялардың қолданылуымен, әр бір зияратшы, мешіттен жүздеген метр ұзақта намаз оқып жатса да, мешіт имамының даусын ести алады дейді "қажылық пен умраға сыйлық дайындау қорының" (Hajj and `Umrah Gifts Foundation) меңгерушісі Мансур әл-Амир. Қордың ұсынған елуден аса жоғары сапалы телефондары, бір бірінен бес метр арақашықтықта орналасқан. Телефондар жүздеген, мыңдаған намазхандарға мешіттегі имам дауысын естіртеді деп хабарлайды "Ислам для всех". Шейх Амирдің айтуынша, оның қоры әр жылы келіп жатқан көптеген мұсылмандарға көмек берумен айналысады. Тек қана рамазан айының өзінде Меккеге үш млн. адам келеді екен. Жаңа технологияны қолданушылар оң баға беруде. "Әр бі адам имамға жақын орналасқысы келеді" дейді қырық жасар имам Айман Халил. Оның айтуынша мұндай мобильді телефондар мешітте және Кағбаның жанында қысылыс болудың алдын алады. ДінИслам ақпарат.
Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.