"Неге арабша?" - деп ашуланамыз. Иә, бір тамшы мәни судан жаратылған әлсіз, өз нәпсісін жеңе
алмай жүрген бейбақ адам ұлық Жаратушысына бұлқан-талқан болып, шәт-шәлекейі шығады.
Мұнысы адамдығы ма, надандығы ма?
Түнеукүні «Хабар» арнасында бір ғалымның теңіз
түбінен бір тас тауып алғанын көрсетті. Тасты жарып көрсе ішінен арабша жазу шыққан.
Ол жазу Құдайдың құдіретімен бір жарым миллион жыл немесе ғасыр бұрын жасалған.
Ол кезде араб түгіл алғашқы адам да дүниеге келмеген. Бұл Құранда айтылғандай
Аллаһ Тағала ғаламды жаратып, бар тағдырды жазып қойғанының ашық дәлелі. Бүгінгі
біздің көріп жүрген кереметіміздің бәрі Цунами толқындарындағы, жұмыртқа,
помидор бетіндегі, қозылар арқасындағы, балықтың құйрығындағы, адамның жүрегіндегі
жазулардың бәрі араб әліпбиімен жазылуда. Түркі, кирилица немесе латын әліпбиі
емес. Қайтеміз? Раббымыздың таңдауы сол! Біздің нәпсінің қалауына сай келмеді
деп дау айтамыз ба? Ішімізді өртеп бара жатқан тәкаппарлығымызды жеңуіміз
керек. Әйтпесе жәннаттан қуылған лағнет Ібілістің статьясы бізге жазылады.
Себебі Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) айтқан: «Кімде – кімнің жүрегінде
шаңның тозаңындай тәкаппарлық болса, жәннатқа кірмейді» деп. Жәннат та, тозақ
та Жалғыз құдіретті, ұлы Жаратушыныкі.
Ібіліс тәкаппарлығынан жәннаттан қуылды. Ендеше біз тәкаппарланбай ең дұрыс
жолды іздеп өтуіміз керек. Әйтпесе, «Менің білетінім мынау. Басқасын білгім де
келмейді!» деп сөз тыңдамау Ібілістің сипатынан.
Ал, енді ең дұрыс білгендер кім еді? Әрине, Аллаһтың Елшісі (с.ғ.с.) және Оның
(с.ғ.с.) қасындағы сахабалар. Ендеше біз соларды
зерттеуіміз керек. Олар намаздан соң отырып, Құран оқып па, оның сауабын әруаққа жолдап па, жамағатқа бата беріп пе, он рет намаз сыртындағыдан тыс салауат айтып па, кетерінде дөңгеленіп тұра қалып амандасып па, одан соң тағы да дұға оқып па? Осылай дінді ауырлатып па? Керісінше «дінді ауырлатпаңдар» деген хадистің бары анық. Біз ашық нәрсеге жармасуымыз керек. Әйтпесе «Бұл дәстүр ғой» деп жалтара саламыз. Дәстүр болса оны дінге араластырмауымыз керек. Дәстүрді басқа жерде орындайды, оны
дінге әкеліп қосу ол - бидғат. Ал, Аллаһтың Елшісі (с.ғ.с.): «Кез-келген бидғат – адасу, адасудың соңы – тозақ» деген. Тозақтан қорықпағандарға не шара!
Мен қазір Құран кітабында жазылғандарды оқып, ілім жинаймын. Ол үшін Аллаһ Тағала маған сауап жазса, ол сауаптан әке-шеше, ата-бабаларыма да жаза гөр деп тілеймін...
|