«Ниқап кию міндетті ме? - Ислам және жанұя - Қазақша мақалалар - Діни мақалалар - Дінисламға қош келдіңіз
Жұма, 25.Мамыр.2012, 06:08
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Қанша уақыт намаз оқисыз?
Жауап берілді: 738
 Діни мақалалар
Негізгі бет » Мақалалар » Қазақша мақалалар » Ислам және жанұя


«Ниқап кию міндетті ме?
«Ниқап кию міндетті ме?
Мысыр муфтиі Али Жума Мухаммадқа қойылған сауалға 07.10.2004 жылғы жауабы. 
Cұрақ: «Ниқап кию міндетті ме? Кейбір ғалымдар Айшаның (р.а) хаж кезінде жанынан еркектер өткен кезде бетін жапқан хадисіне сүйеніп, ниқап киюді міндетті санайды.
Жауап: Мұсылман әйел ұстану керек ислами киім кию үлгісі – денеге жабысып тұрмайтын, арасынан денесі көрінбейтін, бет пен қолдан (білекке дейін) басқа барлық денені жауып тұратын киім болып табылады. Түрлі-түсті киім киюге рұқсат етіледі, бірақ басқа еркектердің назарын тартпайтын болуы міндет. Осы үлгідегі барлық киімдер рұқсат етіледі және әйелдер ондай киіммен көшеге шыға алады.
Ал, әйелдердің бетін жабатын ниқабқа және колдарын жабатын қолғапқа келетін болсақ, көп ғалымдар оларды кию міндетті емес және әйелдерге беттерін және қолдарын (білекке дейін) ашық қалдыруға болады дейді. Олардың сүйенетіні Аллаһтың «Нұр» сүресінің 31 аятындағы: «Сондай-ақ, зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өздігінен көрінгенідері басқа». Абдуллаһ ибн Аббас және Айшадан (р.а) жеткендей, көптеген ғалымдар, оның ішінде сахабалар және олардың артынан ерушілер, «көрініп тұратын зейнеттерін» бет пен қол (білекке дейін) деп түсіндірді.
Тағы бір сүйенетін нәрсе, сол аяттағы Аллаһтың жоғарыдағы аяттың жалғасындағы «…және бүркеншіктерін омырауларын түсірсін. Зейнеттерін көрсетпесін» деген аяты. Бұл жерде жаулық деп басқа жабатын жаулық, жырық деп көйлектің көкірек тұсындағы жырығы айтылған. Осылайша Аллаһ Тағала мұсылман әйелдерге бас жаулықтарымен көкіректерін жапсын деп бұйырған, егер бетті жабу міндетті болса, осы аятта тікелей көрсетілген болар еді. Осы пікірдің дәлелі болып келетін тағы бір хадис Айшадан (оған Аллаһ риза болсын), онда Абу Бакрдің қызы Асма (р.а) Аллаһтың Елшісіне (с.а.с) арасынан денесі көрініп тұратын жұқа киіммен кірген кезде, Аллаһтың Елшісі (с.ғ.с.) теріс қарап тұрып оған айтты «Иә, Асма! Әйелдер етеккір жасына жеткеннен кейін, оның денесінен мынаумен мынадан басқа ешнәрсе көрінбеуі керек», – деп, қолы (білекке дейін) мен бетін көрсетті. Бұл хадисті Сунан Абу Дауд риуаят еткен. Бет пен қолды (білекке дейін) жаппауға болатынын дәлелдейтін басқа да хадистер бар.
Әйелдерге бет пен қолды (білекке дейін) жабу міндетті деп санайтын да ғалымдар бар. Олардың сүйенетіні Ахмад, Абу Дауд және Ибн Мажаһтың Айшадан (р.а) келген хадисі: «Біз Аллаһтың елшісімен (с.ғ.с.) хажға барғанымызда, жанымыздан керуендер өткенде, біз басымыздағы жаулығымызды бетімізге түсіріп, олар өтіп кеткеннен кейін бетімізді ашатын едік» – деген. Бірақ бұл хадис бет пен колды жабу міндеттілігіне дәлел бола алмайды, өйткені сахабалардың әрекеті міндеттілікке нұсқау болып турған жоқ. Мүміндердің аналары (Пайғамбардың әйелдеріне) оның өлімінен кейін күйеуге шығуға болмайтыны сияқты, бет пен қолды жабу да пайғамбардың (с.а.с) ғана әйелдеріне қатысты арнайы мәселе болуы мүмкін.
Фикхта қабылданған ереже бойынша «Егер болған оқиғаның түрлі талқылаулары болса, ол жалпылама жағдайға келгенде өзінің дәлелдеме қасиетін жоғалтады да, діндік-заң шешімінің негізі бола алмайды» делінген.
Бухаридің «Ас-сахих» атты хадистер жинағында Абдуллах ибн Омардан (р.а) келген хадис келтіріледі: Аллаһтың елшісі (с.ғ.с.) «Хаж кезінде, әйел ниқабпен колғап кимейді», – дегені. Бұл басы бос әйелдің беті мен колдары (білекке дейін) әурет (дененің жабылу керек жерлері) еместігін көрсетеді.
Қалай әурет бола алатынын қалайша сүйреттеп бере алады, егер ғалымдар бір ауыздан намаз оқығанда ашық бола алатынын айтса және хаж кезінде солай болуы керек болса?! Барлығына белгілі, шариғат бойынша әурет жерлер намаз кезінде ашық бола алмайды, ал хаж кезінде оны (әурет жерлерін) ашық қалдыру талап етілмес еді! Хаж кезінде тиым болған заттар – тігілген киім кию (еркектерге), әтір қолдану, аңшылық және т.б., негізінде рұқсат етілген, бірақ міндетті емес болып табылады.
Қысқасы, мұсылман әйелге бет пен қолды (білекке дейін) жабу рұқсат етілген, бірақ міндетті емес. Егер ол беті мен қолын (білекке дейін) жапса – бұл рұқсат етілген, егер беті мен қолын (білекке дейін) жаппай хиджабпен шектелсе, онда ол жеткілікті түрде өзінің міндетін өтейді.


Ақпарат көзі: http://www.akikat.kz/?p=133

Категориясы: Ислам және жанұя | Ендірген: Dinislam_Kz (30.Қазан.2009) | Авторы: Аударған: Айжан ЖАССАН
Көрілді: 1492 | Рейтингі: 4.6/32 |


Барлық пікірлер: 0

Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
жарнама орныңыз
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
Н.Төреқұлов мешіті

САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: xatab

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3620
Осы ай ішінде: 12
Осы апта ішінде: 3
Кеше: 0
Бүгін: 0