«Мүмін әйелдерге де айт: "(Бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын. Ұятты болу, ұяңдық әйел менен ерге бірдей тән қасиет болуы керек. Дегенмен табиғи жаратылысы, темпераменттілігі мен қоғамдық ортада әйел кісінің әсіресе киім кигенде біршама жинақы болуы шарт . Негізі Құранда «Ей иман келтіргендер!!» деп айтылады. Ал бұл жерде арнайы әйелдер үшін айтылғандығын ескерсек, бұл әуретті жабу әйелдерге арналған үндеу болып тұр . Сондай-ақ зейнеттерін көрсетпесін. Сәнденудің (зейнет) екі түрі бар. Олар табиғи және жасанды. Табиғи зейнет түріне әйел кісінің бет әлпеті, келбеті жатады. Ал жасанды зейнетке сәнденудің барлық түрі, мысалға: киімі, грим, косметика, тырнақ лактері жатады. Әйелдерге сәнденуга рұқсат етіледі. Себебі барлық әйелдің әдемі болғысы келетіндігі анық. Ғасырдан ғасырға сәндену неше түрлі болып ауыса береді. Дегенмен негізгі мағынасы қала береді. Ол: сәндену, бояну, әдемі болу, ең сұлу болуға тырысу, осы арқылы еркектерге ұнау. Ислам аталмыш табиғи мұқтаждық болып есептелетін сәнденуге қарсы емес. Бірақ бұл сәндену тек қана бір еркекке яғни, жұбайына ғана арналу керектігін ескертеді . Бірақ олардың өзіндігінен көрінгендері басқа. Әйелдердің беті және қолдары білегіне дейін ашық қалуына болады. Себебі беті мен қолының көрсетілуіне рұқсат етіледі. Бұған дәлел ретінде Пайғамбарымыздың с.а.с. Асмаға аятқан мына сөздері келтіріледі: «Ей, Асма! Әйел кісі кәмелет жасқа толған уақытта мына жерлерден басқасын жабуы тиіс деп, беті мен қолын көрсетті». Әдетте ғұрып бойынша және діни құлшылықтарда, мысалға намаз және қажылықта әйелдің беті мен қолы ашық болуына рұқсат етіледі . Бұл аятты тәпсірлеуде біршама қарсы пікірлер туындаған болатын. Негізі әйелдердің бетіндегі бояулары көрінбеу керек. Себебі бояну өздігінен көрінуге жатпайды. (Әйел адамдар арнайы боянады. Бұл сәнденуге жатады, әрі оған бөтен ер кісінің көзінің түсуі анық ). Демек әйелдер боянған соң, оны арнайы көрсетіп жүрулеріне болмайды. Бірақ әдейі емес, немесе абайсызда көрінуінде тұрған ештеңе жоқ . Және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Зейнеттерін керсетпесін. Аятта «жуйуб» деген сөз қолданылған. Ол араб тіліндегі «жайб» сөзінің көпше түрі. Халифа Алтай «жуйуб» сөзін «омыраулары» деп аударған. Дегенмен «жайб» сөзі әйел киімінің төсі жағындағы отрез болып есептеледі. Және ол разрезден әйелдің көкірегінің біршама бөлігі көрініп тұратын болған . «Жайб» сөзі сөздікте «қалта» және «жыртыс» (отрез) деген мағыналар береді. Бұдан кейінгі келген «хумур» (бүркеншіктер) сөзі «химар» сөзінің көпше түрі. Әйелдің басын жабатын оралғы, орамал деген мағына береді . «Химар» (хумур көпше түрі) орамал болып табылады. Араб әйелдері химарды исламнан бұрын және ислам келген уақыттада тағып жүрген. Ислам тәпсіршілерінің айтуынша Исламға дейінгі уақытта «химарды» сәндік киім ретінде таққан. Әйелдер оны жеңіл ғана оранатын болған. Бір шеті иығына түсіп тұрған. Сол заманның сәні бойынша әйелдердің киген киімдерінің көкірек тұстары қатты ашық болғаны соншалық көкіректерінің біршама бөлігі көрінетін болған. Бұдан соң аталмыш аят түсіп әйелдер көкіректерін жабатын болды. Себебі әйелдің көкірегі (төсі) ашық жүруіне, көрінуіне рұқсат етілген мүшелер қатарына жатпайды . Бірақ: Ерлеріне, Аятта келген «зинатун» зейнет сөзі табиғи сұлулық және жасанды сәндену деген мағыналар береді. Менің пікірімше мұнда екі түсінікте келген. Әйелден талап етілетіні денесін көрсетпеуі немесе жеңіл (прозрачный) киіммен жүрмеуі, көрінбеуі. Алты топқа зейнетін көрсетіп (яғни бетін, қолын, шашын, көкірегі мен тізесі арасынан басқа жерін), орамалсыз жүруіне болады: Олар 1. күйеуі бүкіл денесін көре алады, 2. әйелдің бауырлары 3. күңдері, тәпсірлершілердің айтуынша барлық иман келтірген әйелдер. Дегенмен жеңіл желпі, жұқа киініп, басқа мұсылман әйелмен кездесуі дұрыс емес, ерсі қылық деп есептеледі. 4. құлдары, себебі олар әрдайым жұмсалады. Бірақ азат етілген уақытта болмайды. 5. қартайған қызметшілер, инвалидтер 6. жасөспірімдер, жыныстық қатынас туралы түсінігі жоқ балалар . әкелеріне, қайын аталарына, «Әкелеріне» сонымен бірге әкесі және анасы жағынан болған атасы, арғы атасыда жатады. Енесі мен қайын атасының атасыда . өз ұлдарына, өгей ұлдарына, «Өз ұлдарына» немерелері, шөберелеріде жатады. Бұл жерде өз ұлы мен өгей ұлының еш айырмашылығы жоқ . аға-бауырларына, «аға бауырларына» яғни, өз аға бауырлары мен немере бауырларына . олардың ұлдарына, Бауырларының ұлдарына, олардан тараған немере және шөберелеріне. Осы мәселе әпке қарындастарының ұлдарына да қатысты . әпке-сіңлілерінің ұлдарына, Әпке-сіңлілерінің ұлдары да күнделікті үй іші киімімен (шашы көрініп) жүрген уақытта көрулеріне болады . Құран тәпсіршілерінің айтуынша әйелдің еркін жүріп тұруы, боянып, сәнденуі аятта келген еркек кіндіктілер алдында ғана рұқсат етілумен шектелген. Бұған қосымша ретінде Аллаһ елшісі с.а.с. үйленуіне тыйым салынған күйеубаланыда қосқан . өзінің (Мұсылман) әйелдеріне, Яғни ешқандайда бір міндеттеме жүктелмеген әйелдер. Мысалға: достары, қызметшілері, иман кетірген немесе мұсылман емес әйелдер . Мұсылман әйелдерге денесінің біршама бөлігін (мысалға шашы) көпқұдайшыларға көрсетулеріне болмайды. Бірақ күңдерден бөлек . Аятта «нисаиһинна» яғни, «өз әйелдеріне» деп келген, демек барлық әйелдерге емес. Тәпсіршілер арасында бұл аятқа байланысты әртүрі пікірлер бар. Рази және оның пікірлестері бұл сөз барлық әйелдерге арналады дейді. Ал басқа топ жоқ, бұл аяттағы сөз күнделікті араласып жүрген достары мен таныстарына арналады дейді. Және мұсылман немесе мұсылман еместігінің айымашылығы жоқ. Мұнда танысы болмаған әйелдерден, алдыңғы өмірі мен істерінен, моралі мен мәдениетінен ешқандай мәлімет болмаған, күмәнді бөтен әйелдерден сақтану болып табылады . қолдарындағыларға, Бұл аяттақа байланысты да біршама пікірлер бар. Бірінші топтың пікірінше: «қолдарындағылар» олар тек қана күңдер. Олар қандай діни көзқараста болмасын. Бірақ құлдар емес. Себебі құл азат болған соң бұрынғы қожайыны болған әйелге үйленуіне болады. Осы себепті құл сенімділер қатарына жатпайды. Ал екінші топтың пікірінше: бұл аятта күңдермен құлдарда айтылған . әйел керек қылмайтын қызметшілерге Бұл жерде екі шарт бар: аталмыш қызметшілер толық бойсұнылған немесе қарт болуы керек, науқас болуы керек, ақыл есі төмен немесе басқа да себептермен жыныстық қатынасты керек қылмайтын болуы керек. Тәпсіршілердің әртүрлі позициясына сәйкес ақыл есі төмен болу керек, тек қана ішіп жеуді ойлайтын, әйелдер қызықтырмайтын адам болу керек , қожайынға толықтай бағынып, қожайынның айтуымен жүріп, тұратын, бойсынғандығы соншалық үйдегі әйедерді көзімен зорлауға шама-шарқы келмейтін, сол үйде өсіп, өніп, сол үйдің бір мүшесі сықылды болып кеткен әрі ол үйдің әйелдері жайлы ешқандай арам ойы болмаған адам . немесе әйелдердің ұятты жерлерін білмейтін балаларға көрсетулеріне болады. Жыныстық қатынас жайлы әлі түсінігі қалыптаспаған жас балалар. Ұл балаларда бұл шамамен он бір, он екі жасқа дейін . Ғалымдардың айтуынша жоғарыда аятта аталған адамдардың барлығы әйелдің көкірегі мен тізесінің аралығынан басқа жерді көрулеріне болады. Әл күйеуі әйелінің денесінің барлық жерін көре алады . Жыныстық мүшелерінде . Және де көмескі зейнеттерін басқаларға білдіру үшін аяқтарын ұрып жүрмесін. Бұған басқалардың назарын өзіне аудару жатады . Мысалға аяғындағы (немесе қолындағы ) білезіктің сыңғырлаған дыбысы. Біле тұра, әдейі сырға немесе білезіктердің дыбысын шығарып жүру. Оларды көрсетіп жүруде осылардың қатарынан болады . Биік өкшелі аяқ киімдер (каблук) киіп тоқылдатып жүру арқылы бөтен еркектердің назарын өзіне аударту . Әй мүміндер, түгел Аллаға тәубе қылыңдар! Әрине құтыларсыңдар». (Нұр сүресі, 31-аят).
Аяттың тафсирі төрт томдық «Значение и смысл Корана » кітабынан аударылды. Орыс тілінен аударған «Мұқшай ата» мешітінің имамы: Ұ.Алиакбарұлы.
|