Ибраһим (а.с.) бір күні теңіз жағасында жатқан бір жануардың өлексесін көрді. Бұл өлексені жағаға ұрған теңіз толқынымен ілесе келген балықтар жұлып-жұлып жеп, кетіп жатты. Толқын кетісімен төбедегі құстар келіп шоқып-шоқып жей бастады. Осылайша өлексенің бір бөлігі балықтардың, қалған бір бөлігі құстардың құрсағында кетіп жатты. Осы көріністі тамашалаған Ибраһим (а.с.) енді Ұлы Жаратушысының осы бөлік-бөлік боп, ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткен жануарды қалай тірілтетінін көргісі келіп, Раббысына: «Ей, Раббым, өлілерді қалай тірілтетініңді маған көрсетші», – деп өтініш жасад
Мейірімді, Рақымды Алланың атымен бастаймын! Аллаһтың жiберген шын пайғамбарларының бiрi – Закария, алейһиссәлам, едi. Ол жасы ұлғайып, шашына ақ кiргенше перзент көрмедi. Мешiтке барып, мiнәжат қылып, парыз намаздарын оқығаннан кейiн, бос уақытында бiр мезгiл жұртқа үгiт-насихат айтатын. Пұтқа табынған елдiң бетiн Аллаһ жолына бұруға тырысатын.
Ақиқатқа айналған түс Мейірімді, Рақымды Алланың атымен бастаймын! Жақыптың, алейһиссәлам, төрт әйелiнен он екi баласы болды. Бiрақ ол Рахил атты сұлу әйелiнен туған Жүсiп пен Биняминдi кенжелерiм деп басқа балаларына қарағанда көбiрек еркелететiн. сiресе, өте алғыр, зерек боп өсiп келе жатқан Жүсiптiң болашағынан үлкен үмiт күтiп, аса жақсы көрдi. кесiнiң мейiрiмiне бөленген Жүсiпке басқа бауырлары қызғанышпен қарады.
Мейірімді, Рақымды Алланың атымен бастаймын! Адам ата мен Хауа анадан тараған ұрпақтар көбейiп, жер бетiнде жақсылық пен жамандықтың, зұлымдық пен имандылықтың күресi басталғаннан кейiн, Аллаһ Та`ала Өзi жаратқан пенделерiн тура жолға бастайтын пайғамбарлар жiберуге және оларды адамдардың өз арасынан таңдауды ұйғарды. Өұламалардың айтуы бойынша, Аллаһ Та`аланың назары алғаш түскен пайғамбарлардың бiрi Ыдырыс (Идрис), алейһиссәлам болса керек. Аллаһ Та`алаға тәуба етiп, Қабыл ұрпақтарын тура жолға бастау үшiн және надандық пен күпiрлiктен сақтандырып, шариат iсiне бекем болу үшiн Аллаһтың әмiрiмен Жәбiрейiл перiште оған уаһи жеткiзiп тұрды.
Мейірімді, Рақымды Алланың атымен бастаймын! Аллаһ Та`ала Дәуiт пайғамбарға жалғыз ұл бердi. Пайғамбар оның атын Сүлеймен деп қойды. Сүлеймен тумысынан өте зерек, кез келген құбылыстың сырын, кез келген жануардың тiлiн бiлуге құмартып тұратын. Аллаһ Та`ала оның сол әрекеттерiне қарай оның бойына ерекше қасиеттер дарытты.
Шұғaйып пайғамбар Мейірімді, Рақымды Алланың атымен бастаймын! Құранда аты аталған жиырма бес пайғамбардың бесеуi араб жұртынан шыққан деген сөз бар. Солардың бiрi – Шұғайып, алейһиссәлам. Шұғайып, алейһиссәлам, сөзге ұста, әдеби тiлде өте көркем сөйлеген шешен адам болған. Сөздi нәшiне келтiрiп, мәнерлеп сөйлегенде жұрт оның шешендiгiне таңырқап, әңгiмесiн ұйып тыңдайды екен.
Киелі түйе Мейірімді, Рақымды Алланың атымен бастаймын! Астамшыл Ад қауымы жойылғаннан кейiн Аллаһ Та`ала олардың орнына самуд жұртын алып келдi. Табиғаты қоңыржай таулы өңiрдi мекендеген самуд жұрты өте еңбекқор – егiн егiп, мал бағып, сауда-саттық iстеп тiршiлiк қылатын. Олардың арасында он саусағынан өнерi тамған шебер ұсталар көп болатын. Ұсталар таудың тақтай тастарын кесiп әсем ғимараттар, зәулiм сарайлар орнатты. Жылдар жылжып,замандар өте келе самуд жұрты өсiп-өнiп, ұрпақтары көбейе түстi. Бiрақ олар Аллаһты естен шығарып, тас құдайларға табынатын болды. Имансыз қауымның ниетi Аллаһтан алыстап, мүлдем терiс жолға түстi.
Нұхтың кемесi Мейірімді, Рақымды Алланың атымен бастаймын! Адам ата мен Хауа анадан тараған ұрпақтар көбейiп тұтас халыққа айналды. Уақыт өте келе олар өздерiн жаратқан Тәңiрдi естен шығарып, терiс жолға түстi. Аллаһқа серiк келтiрiп, өз қолдарымен қашаған тас мүсiндерге табына бастады. Тас мүсiндер оларды жамандықтан сақтап, жақсылыққа кенелтедi деп ұқты.
Бәни исрайл қауымының Жақыптан, алейһиссәлам, тараған бiр бұтағы Мысыр патшалығына Жүсiп, алейһиссәлам, перғауын (патша) қазынасын басқарып тұрған уақытта келген болатын. Олар негiзiнен мал бағуды кәсiп еткен ел болғандықтан Жүсiп, алейһиссәлам, туыстарын перғауынның келiсiмiмен Жасан алқабындағы Сафтханна қаласының солтүстiгiндегi Балбис атты мекенге орналастырды. Балбис шөбi шұрайлы мал бағуға өте қолайлы жер едi. Перғауынның малы да сол жерде бағылатын.
Су түбiнде қалған ел Мейірімді, Рақымды Алланың атымен бастаймын! Аллаһ Та`ала Ибраһимнiң, алейһиссәлам, тiлегiн қабыл алып, оның ұрпақтарының арасынан көптеген пайғамбарлар шығарды. Сондай-ақ оған иман келтiрiп, соңынан ерген қауымдар арасынан да өз елшiлерiн таңдады. Аллаһ жолында аянбай қызмет iстеген сондай пайғамбарлардың бiрi – Лут, алейһиссәлам, едi.