Құран Кәрімде оразаның маңыздылығы баяндалған. - Құран Кәрім - Қазақша мақалалар - Діни мақалалар - Дінисламға қош келдіңіз
Сәрсенбі, 23.Мамыр.2012, 23:08
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
"АСЫЛ АРНА" телеарнасын қайдан көресіз?
Жауап берілді: 686
 Діни мақалалар
Негізгі бет » Мақалалар » Қазақша мақалалар » Құран Кәрім


Құран Кәрімде оразаның маңыздылығы баяндалған.
Құран Кәрімде оразаның маңыздылығы баяндалған.
Құран Кәрімде оразаның парыз болғанын білдірген аятта “ораза санаулы күн болып табылады” деп бұйырылады. Шындығында басталған ораза айының үште екісі өтіп кетті. Адамның өмірі де ораза сияқты санаулы күндерден тұрады және қалай өткенін толық байқай алмай қаласың.
Рамазан айы ең кемінде бір айлық мезгілде кейбір жақсы әдетке ие болуымызға, жаман әдеттерді тастауымызға себеп болады. Сондықтан мұсылман қауымдарда басқа айларға қарағанда қылмыстың ораза айында өте аз болғаны байқалуда. 
Разаман айы бойынша Құран Кәрім басқа уақыттардан тіпті көп оқылады. Мешіттерге басқа уақыттардан тіпті көп барылады. Зекет және бітір садақасы арқылы мүшкіл жағдайдағы адамдарға тіпті көп көмек беріледі. Бұлар адамның рухының көтерілуіне, сезімдердің күшеюіне себеп болады. Қысқаша айтқанда Рамазанда рухани әлеміміз болымды түрде ықпал көреді, бір көңіл байлығына жетеміз. 
Соңғы күндерде өтіп жатқан Рамазан айының әлеуметтік өмірімізде ерекше орны мен маңызы болғаны баршаға аян. Аталмыш бұл шындық әсіресе Рамазан айының соңғы аптасы үшін күшіне ие. Өйткені Рамазанның соңғы аптасы ішінде “қадір кеші” болады. 
Алдымыздағы сейсенбі күні кешке қадір кеші болады. Қадір кешінің бағаландырылуы, атқарылуы, мұсылмандар үшін өте маңызды. Өйткені қадір кеші сенімізімге қарағанда “мың айдан тіпті қайырымды” бір кеш болып табылады. “мың ай” мөлшермен “сексен жылға” тура келеді. Бұл орташа бір адамның өмірінен тіпті көп. 
Осынша маңызды болғаны аят арқылы білдірілген қадір кешінің дәл қайсы кеш болғаны айқын белгіленбеген. Басқа бір сөзбен айтқанда қадір кеші барлық жылдың ішінде жасырын түрде орын алған. Өйкені аятта бұл кештің бір жылдың қайсы кеші болғаны нақтылы белгіленбеген. 
“Қадір кешін’ бағаландыру деген сөз уақыттың қадірін білу дегендік. Уақыттың қадірін білу болса өмір сүрген тіршіліктің шекті болғанын аңғару деген сөз. 
Пайғамбарымыздың “Бес нәрседен бұрын бес нәрсенің қадірін біл” деп бастаған хадисін дереу еске түсіреміз. Хадисте былай бұйырылады: 
“Ажал келуден бұрын өмірдің, 
Аурудан бұрын денсаулықтың, 
Кедейліктен бұрын байлықтың, 
Қартаюдан бұрын жастықтың, 
Қарбаластықтан бұрын бостықтың қадірін біл.” 
Міне бұл хадис ашық-жарқын өмірге, денсаулыққа, байлыққа, жастыққа және уақыттқа көңіл бөлуді талап етеді. 
Ислам көзқарасы бойынша уақыттың қадірін білудің адам өмірінде бейнеленген, тіршілікте болған бір практикасы бар. Мұсылмандар жұма және мейрам күндеріне, кештерден канділ кештеріне, айлардан болса үш айларға әсіресе Рамазан айына өте көңіл бөледі. 
Мысалы мұсылмандардың өмірінде жұма күні тек аптаның күндерінің бірі ғана емес. Мұсылмандар жұма күніне ерекше көңіл бөледі. Жұма күнін өзіне парыз қылған бір адам тек жұма намазын қылумен бірге барлық күнін жақсы ниетпен өткізуге тырысады. Жұма күнін өзіне парыз қылмаған адамдар үшін әслінде өзгерген бір нәрсе жоқ. Ол да жұма күнін жақсы ниетпен өткізуге тырысады. Өйткені жұма күнінде құпия бір “сәт” болғанына сенеді. Сол “сәттегі” тілектер сөзсіз қабыл болады, адам сон сәтте көңілінде ойлаған арманына жетеді деген сенім күшті. 
Міне осылайша кемінде аптаның бір күнін таза сезіммен өткізу мүмкіндігін тапқан адам уақыт барысында барлық күндерін бірдей сезіммен өткізе алады. Осы жағдайды канділ кештері және әсіресе қадір кеші үшін айтуға болады. Рамазан айы бір тұтас ретінде атқару үшін ең жақсы орай болып табылады. 
Пайғамбарымыз “Режеп айы Алланың, Шабан айы менің, Рамазан айы болса үмбетімнің айы болып табылады” деп бұйырады. Рамазан айының пайғамбарымыздың қалауы бойынша бағаландырылуын тілейміз.


Ақпарат көзі: http://www.trtkazakh.com/trtinternational/kz/newsDetail.aspx?HaberKodu=2d68702c-f235-4557-b40a-e17ae5275ced

Категориясы: Құран Кәрім | Ендірген: Dinislam_Kz (12.Қыркүйек.2009) | Авторы: Дін және дүние - 37
Көрілді: 702 | Рейтингі: 0.0/0 |


Барлық пікірлер: 0

Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
жарнама орныңыз
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
Н.Төреқұлов мешіті

САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: xatab

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3620
Осы ай ішінде: 12
Осы апта ішінде: 4
Кеше: 0
Бүгін: 0