Құрбан айт. - Ислам дағуаты - Қазақша мақалалар - Діни мақалалар - Дінисламға қош келдіңіз
Сәрсенбі, 23.Мамыр.2012, 23:08
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Қай облыстан боласыз?
Жауап берілді: 2177
 Діни мақалалар
Негізгі бет » Мақалалар » Қазақша мақалалар » Ислам дағуаты


Құрбан айт.
Құрбан айт. 
Құрбан (араб тілінде) – «жақындау, Аллаһқа жақын-дауға себеп болған нәрсе» деген мағынаны білдіреді. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы – «Ғибадат ниетімен белгілі шарттары бар малды бауыздау» деген. Құрбан айт күндерінде (алғашқы үш күнінде) Аллаһ Тағаланың ризашылығын алу ниетімен шалынатын құрбанға «удһия» делінеді.
Құрбандық шалудың тарихы. Ибраһим пайғамбар өзінен кейін халықты тура жолға бастайтын ізгі ұрпақ сұрап, көп жыл бойы Аллаһ Тағалаға жалбарынған-ды. Бұл тілегі әбден қартайып, ұрпақ сүюден үміті үзілген қарттық шағында қабыл болмасы бар ма?! Зарыға күткен перзенті сондай тәтті, қылықтары да тым сүйкімді. Өзіне қолғабыс етуге жарап, қуанышы мен көзайымына айналған кез еді. Күндердің бірінде Ибраһим пайғамбар түсінде баласын құрбандыққа шалғалы жатқандығын көрді. Өз бауыр етің балаңды өз қолыңмен өлімге қайтіп қиярсың?! Мына түстің мұншалықты мысымды басқаны несі?! Белгінің Жаратушыдан келгеніне көз жеткізген Ибраһим пайғамбар бұл белгіні орындауға бекемденеді. Не де болса нар тәуекел! Аллаһтың берген жаны Аллаһқа аманат. Баласына мейірлене көз тастады. Көңілі толқып, жүрегі елжіреп қоя берді. Әттең-ай, бала деген мұншалықты ыстық болар ма?! Жоқ! Шайтанның азғыруына көнбеген жөн. Ұлы Жаратушы әмірі қайткенде де сөзсіз орындалуы тиіс. Көңілін көптен қобалжытқан жайды баласына ретін тауып айтпақшы болып оқталғаны сол еді, тұтығып, тілі күрмеле берді. Ақыр соңында тәуекелге бел буды. «Балам, түсімде Аллаһтың әмірімен сені құрбандық шалуға ниеттеніп, бауыздайын деп жатыр екем. Бұған не дерсің?»- дейді. Баласы әкесінің ойын түсінді. Жүзіне тесіле қараған күйі: «Әкетай, еш тартынба! Хақ Тағаланың бұйрығын не де болса орында. Мен де сабырлылық, шыдамдылық танытармын. Тәуекел ет»,- деді қасқая. Әке мен бала бұйрықтың басқадан емес, Ұлы Жаратушыдан келгенін жете ұғына білді. Сол үшін де қыңқ деместен, кессең мойным міне деп пышаққа түсті. Әттең, қанша қайралса да пышақ өтпей қор қылды. Сонда да жалтармады. Аллаһтың әміріне толықтай мойынсұнды. Соңында сын-сынақтан да сүрінбей өтті-ау. Иә, Аллаһ Тағала сынағаны болмаса Исмайылды құрбандыққа шалуды қаламады. Ол тек Ибраһимнің өзіне адалдығына, әмірін қалтқысыз орындауына тәнті болуды қалады. Нағыз тәуекел ете білудің үлгісін паш етті. Әйтпесе, Аллаһ Тағалаға сойған малдардың еті мен жүні де қажет емес екені белгілі. Аллаһ Тағалаға құлының ақ-адал ниеті мен кең пейілі-ақ жеткілікті. Иә, солай. Қартайып көрген қызығы, жалғыз тұяғы, асылдың сынығы, құлдығы Исмайыл үшін Ибраһим нені де болса құрбан етуге бар еді. Өйткені, оны өте қатты жақсы көретін. Ал Аллаһқа деген махаббат балаға деген махабаттан әлдеқайда басым болуы керек еді. Аллаһ соны ұқтырды. Аллаһ жолында, Аллаһтың үкімін орындауда басқа дүниелік ештеңенің оның орнын баса алмайтындығын көрсетті. Бұл сынақтардың ең ауыры еді. Бірақ ең мағыналысы да.
Құрбан шалу кімдерге уәжіп? Құрбан шалу белгілі бір адамға уәжіп болу үшін төмендегі шарттар керек: 1.Мұсылман болу; 2.Ақылды және балиғат жасына толған болу; 3.Құрбан айт уақытында жолаушы болмау; 4.Негізгі қажеттіліктен тыс нисап мөлшеріндегі қаржыға ие болу. Нисап мөлшері–85 грамм алтын яки құнына тең келетін ақша. Зекет ғибадаты сияқты құрбанның уәжіп болуы үшін нисап мөлшеріне жеткен малға бір жыл толу шарт емес. Жағдайы бар әркім-ақ құрбан шала алады. Біздің мәзхабта да нисап мөлшеріндегі байлығы жоқ адамдар да құрбандық шалуына рұқсат. Құрбан шалған уақытта міндетті түрде ниет ету керек. Өйткені, малды ғибадат үшін соятыны сияқты, тек қана етін пайдалану үшін де союға болады.
Құрбан айты күні тамақты айт намазынан кейін ішу туралы. «Пайғамбарымыз с.а.с.: «Кімде-кім айт намазынан бұрын құрбандық шалса, қайтадан құрбандық шалсын!»,- деді. Сонда бір кісі: «Бұл күн тойып ет жейтін күн!»,- деп көршілері туралы айтты. Пайғамбарымыз с.а.с. оның өзінің  көршілері туралы айтқандарын мақұлдағандай болды. Кейіннен әлгі кісі: «Менің  екі жасқа толайын деп қалған ешкім бар, ол маған екі қойдан да артық»,- деді. Пайғамбарымыз с.а.с. сол ешкіні құрбандыққа шалуға рұқсат берді. Ешкіні құрбандыққа шалуға тек қана сол кісіге ме әлде баршаға  рұқсат берді ма білмеймін»[1].
«Пайғамбарымыз с.а.с. құрбан айты күні уағыз айтып тұрып: «Кімде-кім біз сияқты намаз оқып, құрбандық шалса, құрбандығы қабыл болар. Ал кімде-кім айт намазынан бұрын құрбандық шалса, құрбандыққа есептелмейді»,- деді[2].
Әбу Бурда ибн Наййар (Барраның нағашысы): «Мен құрбандық қойымды айт намазынан бұрын сойдым. Бүгін жеп ішетін күн болғандықтан, қойымды құрбандыққа шалынатын қойлардың біріншісі болсын деп үйімде сойғанды дұрыс көрдім. Сол себепті құрбандық қойымды айт намазға келуден бұрын сойып, етін пісіріп тамақтанып келдім». Сонда Пайғамбарымыз с.а.с.: «Сенің ол сойған қойын құрбандық емес әншейін етін жеуге сойылған қой болыпты»,- деді. Ибн Наййар р.а.: «Я Расулулла, менде екі жасқа толайын деп қалған ешкі бар. Ол ешкі маған екі қойдан да артығырақ, соны құрбандыққа шалсам (орнына өтеді ма) болады ма?»,- деді. Пайғамбарымыз с.а.с.: «Иә, саған болады. Бірақ-та  сенен басқа ешкімге екі жасқа толмаған ешкіні құрбандыққа шалуға рұқсат жоқ»,- деді.
«Пайғамбарымыз с.а.с. құрбан айты күні бізге уағыз айтып тұрып: «Әлбетте, мына осы күнімізде ең бірінші қылатын ісіміз - намаз оқимыз, содан соң қайтып барып құрбан шаламыз. Кімде-кім солай істесе біздің сүннетімізді орындаған болады. Ал кімде-кім айт намаздан бұрын қой сойса, онда отбасына ет даярлап берген болар, бірақ-та құрбан шалғанға есептелмейді»,- деді[3].
Ташриқ күндерінде[4] қылынатын сауапты амалдардың артықшылығы туралы. Ибн Омар және Әбу Хурайра р.а. Зүлхижжа айының 1-10-шы күндері базарға барып тәкбір айтатын еді. Мұхаммед ибн Әли р.а. нәпіл намаздан кейін де тәкбір ташриқ айтты».
Арафа күнінің таң намазынан бастап құрбан айттың төртінші күнінің аср уақытына дейін әр парыз намаздың сәлемін бергеннен кейін «Тәшриқ тәкбірін» айту уәжіп. Жеке намаз оқыған адам, жолаушы, ер және әйелдерде бұл тәкбірді айтуға міндетті. «Тәшриқ тәкбірі» былай айтылады: ألله أكْبَرُ, ألله أكْبَرُ, لا إلَهَ إلاَ الله وَالله أكْبَرُ, ألله أكْبَرُ وَلِلَهِ الْحَمْدُ «Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар, лә иләһә иллаллаһу уаллаһу әкбар, Аллаһу әкбар уа лиллаһил-хамд».
Жас балалардың намазға қатынасуы туралы. «Пайғамбарымызбен с.а.с. бірге  Ораза айты ма әлде Құрбан айты күні ме бірге намазға шықтым. Мен онда әлі жас бала едім. Пайғамбарымыз с.а.с. айт намазын оқып болып, ер адамдарға уағыз айтты. Содан кейін әйелдердің алдына барып, оларға да уағыз, насихат айтып, оларды садақа беруге шақырды»,- деді[5].
Айт күні намаз оқылатын жерде құрбан шалу туралы. «Пайғамбарымыз с.а.с. Құрбан айты күні намаз оқылатын жерде (түйе, сиыр әлде қой) сойып құрбандық қылатын»,- деді[6].
Айт намазынан қайтқанда келген жолдан басқа жолмен қайту туралы.  «Пайғамбарымыз с.а.с. айт күні намазға барған жолымен емес  басқа жолмен қайтатын»[7].
Айт намазға үлгере алмай қалған ер адамдар да, намаз оқитын жерге келе алмаған әйелдер де, үйде және ауылда қалғандар да екі рәкат (нәпіл) намаз оқиды. Әнас ибн Мәлік р.а. шаһардың шетінде тұратын Ибн Әбу Ғутба деген азаттық алған құлына бала-шағаларды жинауға бұйырды. Ибн Әбу Ғутба бала-шағаларды шақырып келгеннен соң, Әнас қалалықтар қалай намаз оқып, тәкбір айтса, сондай намаз оқып, тәкбір айтты.
Ғата: «Айт намазына үлгермей қалған адам екі рәкат намаз оқиды»,- деді.
Айт намазынан бұрын және кейін намаз оқу мүмкін бе? Әбулмуғалла: «Ибн Аббас, айт намазынан бұрын намаз оқу мәкрух; деп айтыпты, бұны маған Сағид р.а. айтты»,- деді.
«Пайғамбарымыз с.а.с. Ораза айтында намаз оқитын жерге шығып екі рәкат айт намазын оқыды. Айт намазының алдында да артында да ешқандай намаз оқымады. Сол кезде Пайғамбарымызбен с.а.с. бірге хазреті Біләлда бар болатын»,- деді[8].     
Құрастырып, дайындаған: Ұлықбек Алиакбарұлы.
 

[1] Әнас р.а. риуаят етті
[2] Барра ибн Азиб р.а. риуаят етті
[3] Барра р.а. риуаят етті
[4] Айттың 1- 4-ші  күндерінде
[5] Ибн Аббас р.а. риуаят етті
[6] Ибн Омар р.а. риуаят етті
[7] Жәбир р.а. риуаят етті
[8] Ибн Аббас р.а. риуаят етті

Ақпарат көзі: http://www.dinislam.kz

Категориясы: Ислам дағуаты | Ендірген: Dinislam_Kz (23.Қазан.2010) | Авторы: Дайындаған: Ұ.Алиакбарұлы
Көрілді: 822 | Рейтингі: 4.0/1 |


Барлық пікірлер: 0

Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
жарнама орныңыз
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
Н.Төреқұлов мешіті

САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: xatab

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3620
Осы ай ішінде: 12
Осы апта ішінде: 4
Кеше: 0
Бүгін: 0