Сауап шынайы ықыласпен - Ислам дағуаты - Қазақша мақалалар - Діни мақалалар - Дінисламға қош келдіңіз
Сәрсенбі, 23.Мамыр.2012, 23:13
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Имамдар жұмыстарын қаншалықты жақсы атқарады?
Жауап берілді: 800
 Діни мақалалар
Негізгі бет » Мақалалар » Қазақша мақалалар » Ислам дағуаты


Сауап шынайы ықыласпен
Сауап шынайы ықыласпен
Қазіргі таңдағы жаназадағы ысырапшылық немесе өлім-жітім кәделерінде кетіп жатқан қателіктер туралы айтып өткенді жөн көрдік.
Бір үйден жаназа намазы шығарылса, сол қазалы үйден үш күндік немесе жетісі, бейсенбіліктер, 20-сы, 40-ы, жүз күндік және жылы сияқты хайыр ихсан-садақа (ізгі амалдар) жасау халқымызда әдетке айналған. Бұл істерді қасиетті дінімізде ешкімге міндеттемеген (уәжіп емес). Бірақ «хасана» (көркем) амалдарға жатады. Демек бұл амалды кім шамасы келген ұрпақ шын ықылас ниетімен қабыл әрі сауаптан болсын деген үмітпен бағыштап жасау керек. Егер ниеті сондай болмаса немесе «ұят болмасын» ел жұрттан қалдырмайық, немесе біреулерден асып түсейік деген сияқты ниет пен жасалған ас болса ол істе ешқандай бағыштауға тұратын сауап болмайды. Ал, сауабы болмаған, пайдасы болмаған жолға жұмсалған дүние ысырап болады.
Аллаһ тағаланың әміріне бой ұсынып намаз, ораза, зекет сияқты исламның парыздарын орындау мәселесіне келгенде, оның міндетте түрде орындалу керек екеніне қарамастан әр түрлі желеулермен өзін-өзі алдаумен орындаудан бас тартып жүргендер аз емес. Ал керісінше Аллаһ тағала әмір етпеген осы бір амал (өлім кәделері) жаппай әдетке айналып кетті. Әдетке айналудан гөрі бұл амалдың бәсекелестікке, бақталастыққа, ысырапшылдыққа айналуы жанға батады.
Шамасы келгенінше үй ауласында-ақ орындалуы жеткілікті болған істі, той сияқты етіп тойхана, асхана сияқты орындарда өткізу әдетке айналып кетті. Дастарханға қойылған нәзірлері де қайғы емес қуаныш дастарханы сияқты болып кетті.
Аллаһ тағала: «Сонан соң міне сол күнде әлбетте дүние өмірінде сендерге берілген барша нығметтер туралы жауапкер боласыңдар» (Тәкәссүр с.8-аят) – деп Аллаһ тағала өзі нәсіп етіп, нығмет етіп берген дүние мүліктердің қалай, қайда жұмсағандығы туралы есеп-қисап, сұрақ-жауап болатынын ескерткен. «Ысыраптың барлық түрі – харам».
Ендеше ысырапшылықтан сақтанайық. Айтылғандай садақа іс–шараларамызда «Абыройдан емес Аллаһтан қорқып істесек, әрине ысырапшылдыққа жол бермейміз».
Көбеков Омар қажы Елеуұлы
Түркістан қаласы «Хилует» орталық мешітінің Бас имамы.

Ақпарат көзі: http://dinislam.kz

Категориясы: Ислам дағуаты | Ендірген: Admin (25.Қазан.2010) | Авторы: Көбеков Омар қажы Елеуұлы
Көрілді: 422 | Рейтингі: 0.0/0 |


Барлық пікірлер: 0

Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
жарнама орныңыз
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
Н.Төреқұлов мешіті

САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: xatab

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3620
Осы ай ішінде: 12
Осы апта ішінде: 4
Кеше: 0
Бүгін: 0