Аса қамқор, ерекше мейірімді Аллаһтың атымен!
Шын мәнінде ширк – ең үлкен әділетсіздік. Надандықтың ең төменгі нүктесі. Сол үшін де барлық Пайғамбарлар мен Елшілер өз шақыруларын шынайы түрде Аллаһты жалғыз деп білуге шақырумен бастаған. Ал шынайы түрде Аллаһты жалғыз деп білу ширкке қарама-қарсы нәрсе. Олар дәл осы ширкті жек көргендей еш нәрсені жек көрмеген. Құрандағы және Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетіндегі біз байқайтын ең үлкен қорқытулар – ширкпен айналысушыларға байланысты қорқытулар.
Кемшіліктен пәк ұлы Аллаһ тағала өз кітабында:
«шын
мәнінде Аллаһ тағала оған серік қосқанды кешірмейді. Әрі одан өзгесін
кімге қаласа кешіреді. Ал кімде-кім Аллаһқа серік қосса, онда ол үлкен
күнә жасады» – деген (Ниса сүресі, 48-ші аят).
Сондай-ақ тағы бір аятта:
«шын
мәнінде кімде-кім Аллаһқа серік қосса, оған Аллаһ тағала жәннәтты харам
етеді. Оның орны тозақ оты. Сондай-ақ залымдар үшін жәрдемші болмайды» -дейді (Мәида сүресі, 72-ші аят).
Ең жақсы адамдар – Пайғамбарлар туралы Аллаһ тағаланың не дегеніне қарап көріңіз:
«Егер олар ортақ қосса еді, әлбетте олардың істеген амалдары жойылып кеткен болар еді» -дейді (Әнғам сүресі, 88-ші аят).
Ал енді Алла тағала өз жаратқандары
ішіндегі ең жақсы жаратылысы Мұхаммедке (оған Аллаһтың игілігі мен
сәлемі болсын) не дегенін қарап көріңізші:
«шын
мәнінде саған әрі сенен бұрынғыларға: «егер Аллаһқа ортақ қоссаң
әлбетте амалың жойылады және анық зиянға ұшыраушылардан боласың» – деп уахи етілді. Аллаһқа ғана құлшылық қыл және шүкіршілік етушілерден бол» – деген (Зүмәр сүресі, 65-66-шы аяттар).
Аллаһ елшісінің өзі де бізге ширктің
қауіпті екенін ескерткен. Имам Бұхаридің хадистер жинағында
Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «кімде-кім Аллаһқа серік қосқан күйде о дүниелік болса, онда ол отқа кіреді»-дегені келтірілген. Сонда Абдулла ибн Масғуд: «ал кімде-кім Аллаһқа серік қоспай өлетін болса, онда ол жәннәтқа кіреді»-деген .
Сондай-ақ, имам Муслим Жәбир ибн Абдулла сөздерінен мына хадисті
келтіреді. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір
кісіге: «кім Аллаһқа серік қоспаған күйі өлсе, ол жәннәтқа кіреді. Ал кім Аллаһқа серік қосып о дүниелік болса, онда ол отқа кіреді» -деп айтқан (Бұхари (1238), Абдулла ибн Масғудтан).
Муаз ибн Жәбәл бірде Аллаһ елшісімен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бірге есекке мінгесіп келе жатқанда, одан Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «әй, Муаз! Аллаһ тағаланың құлдарындағы хақысы және құлдардың аллаһтағы хақысы туралы білесің бе?»- деп сұрағанын әңгімелейді. Сонда Муаз: «Аллаһ пен оның елшісі оны артық біледі»-деп жауап қатады. Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Аллаһ тағаланың құлдарындағы хақысы-құлдардың тек Аллаһқа құлшылық қылып, оған серік қоспауы. Ал құлдардың Аллаһтағы хақысы-кімде-кім Аллаһқа серік қоспаса, сол адамды азаптамауы» -дейді (Бұхари (5967), Муслим (30).
Әбу Зәррдың сөзін имам Бұхари мен имам Муслим келтіреді. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «маған жәбрәйл келіп мені жақсы хабармен қуантты. Шынында менің үмметімнен кімде-кім Аллаһқа серік қоспаған күйі о дүниелік болса, онда ол жәннәтқа кіреді»-дейді. Сахаба Пайғамбарымыздан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «мейлі ол зинашы болып және ұрлаған болса да ма?»-деп сұрағанда оған: «мейлі ол зинашы болып және ұрласа да» – деп жауап берген (Бұхари (3222), Муслим (94)).
Сайд ибн Мусайб әкесінің сөздерін жеткізіп: «пайғамбардың
(оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көкесі әбу Талиб қайтыс болар
шақта оған пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)
келеді. Ол жерде әбу Жәһл мен Абдулла ибн Умайя ибн Муғира болады.
Сонда Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көкесіне: «көке!
лә иләһә илла аллаһ (Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық ешкім жоқ) деп
айтыңызшы. Шын мәнінде осы сөздер арқылы мен қияметте сіз үшін
шапағатшы бола алармын»-дейді. Сонда әбу Жәһл мен әбу Умайя:
«әй, әбу Талиб! Сен әкең абдул мутталибтің жолынан бас тартпақшысың
ба?»-дейді. әбу Талиб: «жоқ, мен абдул мутталибтің жолындамын»-деп, лә
иләһә илла аллаһ (Аллаһтан өзге құлшылыққа лайық ешкім жоқ) деп айтудан
бас тартады. Сонда Аллаһ елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі
болсын): «Аллаһпен ант етемін, мен сіз үшін міндетті түрде аллаһтан кешірім сұраймын»-дейді». Сонда аллаһ тағала мына аяттарды түсіреді:
«Мүшріктер жақындары болса да, олардың тозақ иелері екендігі анықталғаннан кейін Пайғамбар да мүміндер де ол мүшріктер үшін
жарылқау тілеулеріне болмайды»(Тәубе сүресі, 113-ші аят).
Аллаһ баршамызды сақтасын!
Ақпарат көзі: http://al-hanifiya.kz/shirkti%D2%A3-%D2%9Bauiptiligi/





