«Тозаққа асықсаң, пәтуә беруге асық» - Ислам дағуаты - Қазақша мақалалар - Діни мақалалар - Бала-Бүргемге қош келдіңіз
Жексенбі, 12.Ақпан.2012, 17:07
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
•  ОБЛЫСТАҒЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ - ДІН МАМАНДАРЫНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ
•  Құрбан айт намазы
сауалнама
"АСЫЛ АРНА" телеарнасын қайдан көресіз?
Жауап берілді: 573
 Діни мақалалар
Негізгі бет » Мақалалар » Қазақша мақалалар » Ислам дағуаты


«Тозаққа асықсаң, пәтуә беруге асық»
«Тозаққа асықсаң, пәтуә беруге асық» 
«Адамзатқа бұл ислам толық етiп тасталған» дегенге қалай қарайсыз? Әрине, бұл – Құдайдан үмiтi бар, жүрегiнде иманы бекiген шын мүмiннiң иләһи сенiмi, әзәли пiкiрi, берiк ұстанымы. Расында, Құдайдан шын қорыққан ғана толық мұсылман бола алады. Осы әзәли ақиқатқа құрылған мәңгiлiк ұлы ақиданың түбiне жетпестен, не себептi «анау мынандай, мынау анандай» деген секiлдi шолақ ойлар мен толымсыз бiлiктiлiкке жол бере саламыз. Анығын қарар болсақ, мұның дертiн өзiмiз тудырып отырмыз. Бiз бiлiмдi болсақ, бiлiмсiздер бүйтiп көкiмес едi. «Тозаққа асықсаң, пәтуә беруге асық» депті расулаллаһ. Осы хадистi негiзге алатын болсақ, өзiңдi жұмақтан алшақтағандай, тозаққа асыққандай әрине бiр сезінесің. Өйткенi бүгiнгi қоғам – жөн-жосықсыз сөйлейтiн тiлi ұзындардың уысында кеттi. 

«ТОЗАҚҚА АСЫҚСАҢ, ПӘТУӘ БЕРУГЕ АСЫҚ»
Қалам ұштап, сөзге жан бермес бұрын бұл тақырыпты қозғаудың өзi аса қиын едi. Себебi, дiнтанушылардың тiлiмен айтар болсақ, ислам дiнi өте нәзiк. Сол себептi әрбiр аузыңнан шыққан сөзге бек сақ болу маңызды. Бұл менiң дiн атынан жаңалық ашуға деген ешқандай да пиғылым емес.  

КӨКПАРҒА ТҮСКЕН ЕСIЛ ДIНIМ-АЙ!....
«Адамзатқа бұл ислам толық етiп тасталған» дегенге қалай қарайсыз? Әрине, бұл – Құдайдан үмiтi бар, жүрегiнде иманы бекiген шын мүмiннiң иләһи сенiмi, әзәли пiкiрi, берiк ұстанымы. Расында, Құдайдан шын қорыққан ғана толық мұсылман бола алады. Осы әзәли ақиқатқа құрылған мәңгiлiк ұлы ақиданың түбiне жетпестен, не себептi «анау мынандай, мынау анандай» деген секiлдi шолақ ойлар мен толымсыз бiлiктiлiкке жол бере саламыз. Анығын қарар болсақ, мұның дертiн өзiмiз тудырып отырмыз. Бiз бiлiмдi болсақ, бiлiмсiздер бүйтiп көкiмес едi. «Тозаққа асықсаң, пәтуә беруге асық» депті расулаллаһ. Осы хадистi негiзге алатын болсақ, өзiңдi жұмақтан алшақтағандай, тозаққа асыққандай әрине бiр сезiнесің (Бұл – әрине ауыр сөз – Ж.Б). Өйткенi бүгiнгi қоғам – жөн-жосықсыз сөйлейтiн тiлi ұзындардың уысында кеттi. «Ислам дiнi телегей теңiз болса, менiң содан бiлерiм тамшыдай-ақ» дегендi де айтқан ақтық пайғамбар едi. Бiр сағат уағыз естiсек, соны басқаға түрлендiрiп айтқанда, алдымызға жан салмаймыз. Бiр шындыққа жүз өтiрiк қосамыз. Жын жолда қалады. Дiнбұзарлыққа бастар жолдың бiр шетi осы – бiлiмсiздiк. Өмiрдегi қалыптасқан қағида деп айталық, адам баласы көп бiлген сайын аз сөйлейдi, сөйлесе де орнымен сөйлейдi. Ислам дiнi – әркiм әр жақтан келiп тартатын қазақтың көкпары емес. Бiрақ өкiнiшке орай бiзде дiн көкпарға айналып кеттi. Салымы жоқ көкпар. Ендiгi жерде осыны ақидасы түзу, тақымы мықты, дiнi берiк дендi бiреу мәреге апарып тастауы қажет. Сонда ғана көңiл орнықты, құлақ тыныш болмақ.

ШОЛАҚ ПIКIР, ШАЛА ОЙ
Дiнмен жүрмесе де, дiнге ақылын айтатындар арандап арта түсуде. Жалпы, хадис айту пайғамбарға ғана тән нәрсе едi.... 
Бiздiң бұл тақырыпқа келуiмiздiң өзi себептен туған сыни көзқарас. Анығын бiлiп, ақиқатын айту. Негiзгi мақсат осы едi. Үстiмiздегi жылдың еншiсiндегi «Қазақстан» атты газеттiң № 3-санында Әсия Давлятчинаның Ресей Ғылым академиясы Шығыстану институтының жетекшi ғылыми қызметкерi, доктор Тауфиқ Ибраһиммен болған сұхбатына көз жiбердiк (орыс тiлiнен ықшамдап аударған – Мақсат Аян). Тауфиқ Ибраһимнiң айтуынша бұрын ол философия ғылымымен айналысқан. Ислам дiнiне ден қойып, зерттеп жүргенiне 10 жылдай уақыт болған. Бiрақ оның дiнге берген пәтуәсi он жылдық емес, ғасырлық iзденiсте жүрген адам сыңайлы. 23 жыл уахи етiлiп түскен ақтық дiндi ол он жылда түсiнiп, ислам заңдарына қатысты шолақ ойларын бiлдiре салған. Ол өзiнiң берген сұхбатында «...Бұл күнде бесiншi сыныптың оқушысы да математикалық есептеудi Пифагордан он есе жақсы бiледi. Бiрақ бұл жайт Пифагордың ғылымға қосқан үлесiн жоққа шығармайды...» дей келе, исламның негiзiн қалаушы Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамдардан бүгiнгi заманның адамы дiндi артық бiледi дегенге әкеледi. Пифагор қайда, Пайғамбар қайда? Әйтсе де, бұл айтпағы тiптi салыстыруға келмейтiн екi түрлi нәрсе. Тарихқа, ең бастысы дiнге деген қиянат. Пифагордың бiзге бергенi – қымбат дүниелердiң бiрi. Пифагор тiк бұрышты үшбұрыштың не екендiгiн, катеттерi мен гипотенузаның өлшемiн қалай табу керектiгiн егжей-тегжейлi түсiндiрiп өткен. Ал, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) бүкiл ғылымдардың атасы «Исламды» артындағы ұрпаққа қалдырып кеттi. Қазiргi ұрпақ Пифагор iлiмiн түбегейлi санасына сiңiргенмен, ислам арқылы жеткен Алла iлiмiн әлi де түсiнiп бола алмай жатыр. Жасың 126-ға келсе де, исламтанудағы бiлгенiң, жиған сауабың 63 жаста бақилық болған пайғамбардан асып түспейдi. Ол – талассыз талқыға түспейтiн ақиқат. Исламның өзi тек мiнсiз тазалық пен анық ақиқаттан тұрады. 
Сондай-ақ, Тауфиқ мырзамыз «....Бiзге исламға үлкен реформа қажет. Бiзге ислам қағидаларын бүгiнгi күнге сай тәпсiрлеу қажет. Бүгiнгi күннiң адамы жетi қат көк пен дәджалдың аралда шынжырланып отыр дегенiне илана алмайды. Мұндай сөздердi тура мағынасында қабылдау бүгiнгi күннiң адамына тән емес....» деген әдеттегi дiн тұрғысынан пәтуәсiн бередi. Әрине, дiннен алыс адамға «дәджал келедi, содан соң Иса түседi» дегендi айтсаң, ертегi сияқты болып естiлуi мүмкiн. Бiрақ, бұл қалай естiлсе де шындық. Дiнде «сенетiн нәрсенi ғана айт» деген ешқандай пайғамбарымыздың тарапынан келген хадис естiп көрмеппiз. Бiрақ, ретiмен айту керектiгi тағы да бар. Ақиқатты бүркемелеп қалуға және де болмайды. Әрине ақиқи дiнде әрбiр нәрсенi айтудың өз орны бар емес пе? Қасиеттi Құран уахи етiлгенде де бiрден «арақ iшпеңдер» немесе «дәджәлдiң шынжырлануы» туралы болған жоқ. Әйтсе де, мұның барлығы көштiң жүре түзелiп, ретiмен айтылатыны анық. Сондай-ақ, дiннiң қатал заңдарын жiбiтiп, хиджапты парыз деп есептемейдi. «Пайғамбарымыз хиджаптың не екенiн ешқашан бiлмеген, естiмеген» деп көкитiн жерлерi тағы бар. Құдды бiр Пайғамбардың жанында жүрген сахаба немесе сахабалардың көзiн көрген табиғиндер секiлдi. Ендеше, Ресейдiң «бiрiншi» исламтанушысы неге сүйенiп айтты екен осының бәрiн. 
Сонымен қатар Тауфиқ Ибраһим мырза ислам дiнiнiң болашағына мынадай пiкiрдi қадап айтады: «...Егер татарлар күллi әлемге ХХI ғасырда Исламның қандай болатынын көрсетпесе, бұны ешкiм де iстемейдi. Себебi, Ресейде ортағасырлық консерватизмнен арылудың барлық шарттары бар». Мұнымен түйгенiмiз, татарлар болмаса, мұсылмандар қараң қалатын болып отыр ғой. Түсiнiп алыңыз....
Жалпы Тауфиқ Ибраһимнiң негiзгi мақсаты – дiндi заманға сай етiп реформалау. Яғни заман сұранысына сай қалыптастыру. Бұл – үлкен тақырып. Дiннiң оған берер жауабы қаншалықты екенi белгiсiз. Үндiстанға барамын деп жүрiп, адасып барып Американы ашқан Колумб секiлдi Тауфиқ мырзамыз да дiндi реформалаймын деп жүрiп, байқамай бидғатқа жол берiп қоймасына кiм кепiл. Әлгi сұхбатта Тауфиқ мырза «Бiрде бiр кiтаптың бетiн ашпаған адамнан емес, тек бiр ғана кiтапты оқыған адамнан қорқыңдар» деген бiр ойлы тiркестi айтып өтедi. Жоғарыдағы айтылған пiкiрлердiң қауiптiлiгiнен бiр ғана кiтапты оқыған адамның шын келбетiн танисыз. Расында, Тауфиқ Ибраһимге әлi де бiраз кiтап оқу керек шығар... Шала жансар пәтуә берген Тауфиқ мырзамызды «Қазақстан» газетiнде Ресейдiң бiрiншi дiнтанушысы деген атақпен мәлiмет берген. Осыған орай дiн атынан берiлген «реформалау» жайындағы сұхбаттан қаншама адам «дiни iлiмiм бiршама арта түстi» деп жүрген шығар. «Тәуiптiң ең жақсысы – ауруыңа ауру қоспай кеткенi» деген халық нақылы бар едi. Қазақ даласында ислам дiнi әлi екi аяғын тең басып, салтанат құра алған жоқ. Мұндайда Тауфиқ секiлдiлердiң ойынан абай болған ләзiм. 

ТIЗГIН ТАРТСАҚ.....
Әйтсе де, Тауфиқ мырзаның шолақ ойлары бiзге де қылау тастап кеттi. «Дiндi реформалау» дегендi қаншалықты дұрыс деп айта аламыз? Расында, ислам тек арабтарға ғана емес, күллi адамзат баласына түскен ең кенже дiн. Ислам дiнiнiң өмiрге келуi адамзат баласының өзiн қайта тануына әкелдi. Адам қолымен өзгерiске ұшыраған «Iнжiл», «Тәурат», «Забур» секiлдi кiтаптардағы заңдылықтар «Құранның» келуiмен күшiн жойып, жаңа дiннiң жарқын болашағына жол ашып бердi. Бiз қалай болған күнде де, Жаратушы тарапынан түскен хақ дiнге өз әмiрiмiздi жүргiзгiмiз келедi. «Дiнмен жүрген оңай, бiрақ дiн ойыншық емес» деген тiркестiң де айтар өз ойы бар. Бiрде Әбубәкiр Сыдық атты сахаба келе жатса, бiр намаз оқып жатқан кiсiге көзi түсiп кетедi. Жаны жайсаң, өтiрiк айтуды бiлмейтiн, халық арасында шыншылдығымен мәшһүр болған хазретi Әбубәкiр әлгi кiсiнiң намаз оқуына мән бередi. Сөйтсе, әлгi кiсi бiр рәкағат намазда екi рет рукуғқа барып, үш рет сәжде жасап жатқан көрiнедi. Хазретi Әбубәкiр әлiптiң артын бағып, болғаннан кейiн оған намазды қате оқып жатқандығын айтады. Сонда әлгi кiсi бой бермей, «Мен құлшылықтағы қимылдарды артығымен жасасам, Алла маған қайта одан сайын разылық бiлдiрмейдi ме?» деп болмаған көрiнедi. Сонда Әбубәкiр Сыдық:
– Не сен түк бiлмейсiң немесе Пайғамбардан артық бiлесiң, – дептi. 
Пайғамбардан дiндi артық бiлемiн деу – надандықтың белгiсi. Ақиқатты Пайғамбар жолынан iздеу – адамдықтың белгiсi. Көп адамдар тек жүрегiне құлақ асып, қиялындағы қисынсыз ойларына табынуды жөн көредi. Қисынсыз ой қияметте абырой әпермейтiнi бесенеден елгi емес пе едi? «Адам болу үшiн жүрегiңнiң айтқанын емес, Алланың айтқанын жүрегiңмен орындаған ләзiм» деген сөзге толықтай келiсуге болады. Шындығында бiздер үшiн кiмнiң пәтуасына жүгiнген абзал? Қазаққа қазақтың ғана жаны ашиды емес пе? Бiзде Құдайға шүкiр бiлiмдi азаматтар бар деп айтуға болады. Дәл бiздiң санамызда жүрген сан-сақ сауалға жауап табатын ғалымдарымыз да жоқ емес. Олай болса, бiлiм алуға асығайық. Дымды бiлмесек те, дiндi бiлуге құштарлық танытайық.


Ақпарат көзі: http://zamandas.kz/index.php?mod=news&id=5&catid=18

Категориясы: Ислам дағуаты | Ендірген: Dinislam_Kz (18.Қыркүйек.2009) | Авторы: Жандос БАЙДIЛДА
Көрілді: 880 | Рейтингі: 5.0/8 |


Барлық пікірлер: 0
Есімі*:
Email-ы:
WWW:
Сақтық коды *:

Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2010 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде сілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
жарнама орныңыз
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
Н.Төреқұлов мешіті

САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар: bola80, erkintursynbek, Manas_mumin

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: Manas_mumin

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3565
Осы ай ішінде: 22
Осы апта ішінде: 8
Кеше: 2
Бүгін: 1