Жаңа заң қабылдамай, жағдай дұрысталмайды - Білгенге маржан - Қазақша мақалалар - Діни мақалалар - Дінисламға қош келдіңіз
Жұма, 25.Мамыр.2012, 06:46
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Қай облыстан боласыз?
Жауап берілді: 2182
 Діни мақалалар
Негізгі бет » Мақалалар » Қазақша мақалалар » Білгенге маржан


Жаңа заң қабылдамай, жағдай дұрысталмайды
Діндер туралы заңдардың босаңдығынан ба әлде елімізде жүргізіліп отырған «асыра көп-дінді» саясаттың салдарынан ба, әйтеуір, бүгінгі таңда Қазақстан тек қана алыс-жақын шетелдерден қашқан-пысқан ағым-секталарды оңай қабылдаудан бөлек, өзі де жаңа деструктивті секталардың Отанына айналып отырғанға ұқсайды. Отандық сарапшылардың айтуынша, Қазақстанның Шонжы ауылында дүниеге келген «Әл-Аят» ағымы бүкіл ТМД елдерін шулатып тіпті, Украинада аса қауіпті секта ретінде танылған. Бұл сектаға «Made in Kazakhstan» деп айдар тағушылар да жоқ емес. Ресейдің құзырлы орындары мен БАҚ-тары да бұл жайлы талай дабыл қаққан еді. Ал елдегі діни жағдайды орнықтыру үшін «Діндер туралы» заңға тиісті өзгерістер мен толықтырулар қажеттігін ұлт зиялылары талай көтеріп-ақ келеді. Бірақ Қазақстан алдағы 2-3 жылда бұл заңға қайта орала алмайтындай жағдайда: 2010 жылы еліміз ЕҚЫҰ-ға төрағалық етсе, 2011 жылы ЕҚЫҰ-ның «бестігінде» жұмыс істейді. Бірақ, бұл арада онсыз да дәстүрлі діндерден бірнеше есе көп ағым-секталар бұдан да терең тамыр жайып үлгермей ме?!
Кезінде діни басқарма Қазақстанға қатысты «Евангелизация-2010» атты протестанттық ағымдардың жоспары барын жариялағанда, халқымыз дүр сілкінген еді. Көптеген ағым-секталардың жоспары алдағы 2010-2011 жылға межеленіп отырғаны тағы жасырын емес. Ең алдымен олар 2010 жылға дейін елімізде мыңдаған евангелистік шіркеулерді ашып, халық арасында кең көлемде уағыз жүргізуді жоспарлаған еді. Шынын айтсақ, бұл жоспар ойдағыдай жүзеге асып жатқан жоқ па деп қорқасың. Өйткені, кезінде Бас прокуратураның таратқан мәліметтері бойынша, осыдан бірнеше жыл бұрын елімізде 1870 діни бірлестік тіркелсе, олардын басым бөлігі «Саентология» мен «Жаңа өмір» шіркеулеріне тиесілі болған. Бірақ, бұл ағымдардан жапа шегушілер көп болған соң оларға катысты дүркін-дүркін сот процестері жүргізілгені ел есінде. Жалпы, қазіргі таңда Қазақстанның қай қаласын алмасаңыз да, ел ішінде дәстүрлі емес шіркеулер мен ғибадатханалардың көптігі бірден байқалады. Тіпті, еліміздегі бір ауыл, аудан не қаланы айтсақ, сол жерде көп шоғырланған ағымдар еріксіз еске түсіп, сол елдімекен белгілі бір діни ағыммен ғана байланыстырылып жатады. Құдай сақтасын, әрине. Діни статистиканың өзі қорқынышты: еліміздің әрбір ірі қаласындағы орташа есеппен алғанда ондаған мешітіне жүздеген евангелистік, тіпті деструктивті-тоталитарлы шіркеулері келеді. Десе де, соңғы жылдары сол деструктивті ағымдардан жапа шегіп, құзырлы органдардан көмек сұраушылар саны да артуда. Мәселен, үстіміздегі жылы Қазақстанда деструктивті секталардан жапа шеккендерге көмек көрсететін 10 орталық ашылған. Көмекке зәру тұрғындардың да саны толастар емес. Деструктивті секталардан жапа шеккендермен жұмыс жөніндегі орталықтар қауымдастығының дерегі бойынша, бұл ұйымдарға айына 50-ден астам адам арқа сүйейді екен. Ал мұндай орталықтардың барын білмейтін адамдар қаншама?! Сондықтан, мамандар мен дінтанушылардың, саясаткерлер мен сарапшылардың ойы бір жерде тоғысады: Қазақстан «Діндер туралы заңдарын» уақыт оздырмай қайта қарап, тиесілі баптарды қатайтуы керек.

Наурызбай қажы ӨТПЕНОВ, Қарағанды облыстық мешітінің бас имамы:
- «Діндер туралы» заңды қайта қарап қабылдау қажет. Кезінде бұл заңға «неге өзгерістер мен толықтырулар енгізілмеді» дегенге келсек, Парламенттегі екі палата да бұл заңға қол қойса да, кейін ол тоқтап қалды. Себебі, Батыс БАҚ-тары «Қазақстанда қатал заң қабылданып, діни-сенім бостандығына зиян тимек» дегендей үлкен-үлкен мақалалар жариялап, дабыра көтерді. Содан болар, бұл мәселе уақытша кейінге қалдырылды. Біздің депутаттарымыз бәрібір де бұл заңның қайта қаралып қабылданатынын айтып отыр. Бірақ, «бұл заң қабылданады-ау» дегеннен гөрі тезірек іске кірісіп, заңды нақты қабылдаған жөн. Елбасының өзі де кезінде: «Біздің еліміз әркім өз сектасын әкеліп қоятындай қоқыс тастайтын жер емес» дегенді жақсы айтты ғой. Сол сиякты бізге өз елімізді, келешегімізді сақтап қалу үшін бұл заң өте қажет боп отыр. Бүгінде Қарағанды облысында жалпы саны - 423 діни бірлестік бар, ислами - 138, православиелік - 26, католиктік - 18, протестанттық - 226, иудаизм - 4, дәстүрлі емес діндер - 8. Біздің бір азаматтарымыз «Иегова куәгерлерінің» жиналыстарына қатысып, онда қаракөз қандастарымыздың көптігін айтып келген еді. Оларға «әрқайсысың бес-бес адамнан шіркеуге алып келіңдер» деген тапсырманың беріліп жатқанын естіп қайтқан. Әрине, мұндай ағымдар көшеде уағыз кітапшаларын таратып, белсенді жұмыс атқарып келеді. Бұл - олардың алға қойған мақсаттарына жету үшін жасап жатқан әрекеттері. Кезінде, тіпті, бір ағымдардың «Қазақстанды - 2050 жылға дейін протестант дініне кіргіземіз» деген жоспарын ел ішінен естіген едік. Мәселен, бұл ағымдар Оңтүстік Кореяны 15 жылдың ішінде буддизмнен протестанттықка кіргізгені тарихтан белгілі. Ал бұл ойланарлық жайт.

Дін мәселесі ұлттық қауіпсіздікпен тығыз байланысты. Рухани қауіпсіздікті сақтау жағын да жан-жақты ойлағанымыз абзал. Еуропа ғалымдары: «XXI ғасыр - рухани өрлеу ғасыры» деп тектен-текке айтпаған. Біз қазір дін мен тіл мәселесін бірге қолға алу керекпіз. Қазақ тарихынан белгілі ғой, батыр бабаларымыз елі мен жерін қорғағанда дінге қашанда берік болған. Мысалы, Бөгенбай батырдың өзі қалмақтың батырымен жекпе-жекке түсіп, ат үстіне мінсе, өзінің көлеңкесіне қарап, намаз уақытының келгенін біліп, қалмақ батырына: «Мен намазымды оқып келейін, одан кейін жекпе-жекке қайта шығамын»,- депті. Бұхар жырау «11 тілекті» айтқан кезде: «Бірінші тілек тілеңіз, бір Аллаға жазбасқа» дейді. Біз, осындай ата-бабалардың ұрпағы, тіліміз бен дінімізді қолға алатын болсақ, иншалла, бұл келешек ұрпақтың амандығына кепілдік болар еді.

Оңғар қажы ӨМІРБЕК, ҚМДБ-ның баспасөз хатшысы:
- Бізге «Евангелизация-2010» жоспарының барын дөңгелек үстелдердің бірінде дін жанашырлары жеткізді. Біз сол тұста жанайқайымызды бүкіл баспасөзге жарияладық. Бұл 2001-2002 жылдары шыққан мәселелер еді. Бұған сол кезден-ак назар аудару керек еді. «Айта-айта Алтайды, Жамал апа қартайды» демекші, айтқан сөзіміз айтылған жерінде қалған сияқты. Өкінішке қарай, «олар соншама не істейді?» деп мұндай аса өзекті проблемаларға мән берілмейді. Ал мұның артында үлкен саясат пен алпауыт күштер жатыр. Өткен тарихтан жұрттың сабақ алмайтынына мен таңғаламын. Кейде, тіпті, елді ойда үлкен саясат пен алпауыт күштер жатыр. Өткен тарихтан жұрттың сабақ алмайтынына мен таңғаламын. Кейде, тіпті, елді ойлауы тиіс азаматтар тек қарнын тойдырумен ғана айналысып, ел қамын ойламай жүр ме деп өкінемін. Елдігімізді сақтап, тәуелсіздігімізді баянды ету діни наным-сенімнің тұрақтылығына да байланысты. Атеистік қоғамда дінді езіп, шалажансар күйде қалдырған соң, кейбіреулер келімсек ағымдардан еш қауіп жоқ деп ойлайды. Ал ең үлкен қауіп осында боп тұр. Бұл қаншама жылдар бойғы қазақ аңсап жеткен бостандығына төнген ең үлкен қауіп.

Әрине, елімізге тән жайбасарлығымыз бен енжарлығымыз, көп нәрсеге мән бермей, «қойшы соны» деп -қол сілтей салуымыз өкіндіреді. Өз кезегінде діни басқарма дінімізді насихаттау ісінде шамасы келгенше жұмыстар атқарып жатыр: кітаптар шығарылып, газет-журналдар жариялануда. Телеарналардан беріліп жатқан азды-көпті хабарларға да қатысып, өз ой-пікірімізді айтып жатырмыз. Ең бастысы, бұл жұмыстар халықтың сауатын ашуға бағытталған. Күллі мешіттер жанында діни сауат ашу курстары жұмыс істеп, 2 медресе, университетіміз қызмет етуде. Жергілікті имамдарымыз да ағымдардың қитұрқы амалдарын әшкере етіп келеді.

ДІНИ ДЕРЕК:
Ресми органдардың дерегі бойынша, 2009 жылдың 1 сәуіріндегі мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанда жалпы саны 4221 діни бірлестік тіркелген. Оның ішінде: 2506 - ислами, 292 - православиелік, 84 - католиктік, 1261 - протестанттық, 29 - иудейлік, 44 - дәстүрлі емес, 5 - буддистік діни бірлестік бар.
Жыл басында елімізде 3175 діни ғибадат орындары тіркелсе, оның 2267 - мұсылман мешіттері, 263 - православиелік шіркеулер, 89 - католик шіркеулері, 541 - протестанттық шіркеулер, 7 - иудей синагогалары, 1 - буддистік храм, 7 - дәстүрлі емес ғибадатханалар.

Кәмшат ТАСБОЛАТ, «Айқын».

Ақпарат көзі: http://muftyat.kz/1488-zha1186a-za1186-1178abyldamajj-zha1170dajj.html

Категориясы: Білгенге маржан | Ендірген: Dinislam_Kz (08.Қазан.2009) | Авторы: Кәмшат ТАСБОЛАТ
Көрілді: 926 | Рейтингі: 5.0/3 |


Барлық пікірлер: 0

Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
жарнама орныңыз
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
Н.Төреқұлов мешіті

САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: xatab

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3620
Осы ай ішінде: 12
Осы апта ішінде: 3
Кеше: 0
Бүгін: 0