Жұма намазына ерте келiп, имамды тыңдаудың артықшылығы - Намаз - оқу, үйрену және оның пайдалары - Фиқһ - намаз, ораза, зекет, қажылық. - Діни мақалалар - Дінисламға қош келдіңіз
Сәрсенбі, 23.Мамыр.2012, 23:15
негізгі бет
· RSS
сайт мәзірі
соңғы діни мақалалар
•  Намаз адамды жалықтыра ма?
•  Ұлықбек Алиакбарұлы: "Жаңа заманға сай жаңа медианы меңгерген имам керек"
•  ОРАМАЛ ТАРТҚАН – ЕРСI, АЛ КIНДIК АШҚАН ШЕ?
•  Азия парктен жік шықты, екі құлағы тік шықты
•  Сапар айы (Сафар айы)
•  Шіркеу қазақша сөйлей бастады. Бұл нені аңғартады?
•  Фиқһ әл-ғибадат
•  Желтоқсан – жанымның жарасы
сауалнама
Қанша уақыт намаз оқисыз?
Жауап берілді: 736
 Діни мақалалар
Негізгі бет » Мақалалар » Фиқһ - намаз, ораза, зекет, қажылық. » Намаз - оқу, үйрену және оның пайдалары


Жұма намазына ерте келiп, имамды тыңдаудың артықшылығы

Жұма намазына имамның уағызын тыңдау үшiн келу – мұсылмандық тағлымның ұстыны десе болады. Неге? Арнайы дiни бiлiм алып, дiн ғылымының маманы болу – парыз кифая.Кейбiреулер түсiнгендей Ислам - қолға құман ұстап алып дәретхана мен үйдiң екi арасында жүру немесе бiр бөлмеге қамалып, таң атқаннан түнге дейiн намаз оқу дiнi емес. 

Халал тiршiлiк iстеу, уақытында тиiстi құлшылығын орындау, бiреудiң ақысын жемеу, мұсылман болмаса да көршiге жақсылық iстеу, пайдалы бiлiм алып, Отан, қоғамға адал қызмет ету. Мiне, Ислам дегенiмiз осы. Ислам мұсылмандардың барлығы молда болсын деп бұйырмайды. Бәрi молда болса, ауырған адамдарды кiм емдейдi, зәулiм тұрғын үйлердi кiм тұрғызады, ұшақты кiм жасайды? Осы себептен Ислам мұсылманға инженер де, мұғалiм де, дәрiгер және ұшқыш та болуды бұйырады. Алайда адам тiршiлiктi ойлаумен қатар, Қиямет болатынын естен шығармағаны жөн. Осы жағдайда имамның атқарар қызметi – ең алдымен шариғатты өзi жетiк игерiп, оны басқаларға үйрету. Бұл үшiн ең ыңғайлы уақыт – жұма намазы. Кез келген мұсылман инженер, мұғалiм немесе дәрiгердiң жұма намазға келiп, имамның уағызына құлақ салу - өз дiнiн оқып-үйренгенi болады.

Уағыз айтып тұрған имамды тыңдау мәселесiне келер болсақ, жұма намазына келдiм деп айналасындағыларға түрлi сұрақ берiп, артық-ауыз сөзбен уағыз тыңдаушылардың ойын бөлу, намазхандардың үстерiнен аттап жүру, намаз оқып тұрған кiсiнiң алдынан кесiп өту - әдепсiздiкке жатады. Сондықтан жұма намазына келген әрбiр намазхан пенде өзiн көпшiлiк арасында жүргенiн ұмытпағаны жөн. Алдыңғы қатардағы сауаптан үмiт еткен кiсi жұма намазына ертерек келуiн қаласа, оған кiм бөгет.

 "مَنِ اغْتَسَلَ يَوْمَ الْجُمْعَةِ وَغَسَّلَ وَبَكَّرَ وَابْتَكَرَ وَدَنَا وَاسْتَمَعَ وَأَنْصَتَ كَانَ لَهُ بِكُلِّ خُطْوَةٍ يَخْطُوهَا أَجْرُ سَنَةَ صِيَامِهَا وَقِيَامِهَا"

Жұма күнi шомылып, өзгелерге де шомылуды бұйырған, кейiн мешiтке ерте келiп, имамға жақын отырып, артық сөйлемей оның сөзiн тыңдаған адамның басқан әр қадамына бiр жылдық нәфiл ораза мен түнде ұйықтамай намаз оқығанның сауабы жазылады.” Хадистi Аус ибн Аустан (р.л.ғ.) Имам Әбу Дауд, Имам Насаи, Имам Ибн Мажәһ және Имам Тирмизи риуаят еттi.

"مَنْ تَوَضَّأَ فَأْحْسَنَ الْوُضُوءَ، ثُمَّ أَتَى الْجُمُعَةَ فَاسْتَمَعَ وَأَنْصَتَ، غُفِرَ لَهُ مَا بَيْنَهُ وَبَيْنَ الْجُمُعَةِ وَزِيَادَة ثَلاَثَةِ أَيَّامٍ، وَمَنْ مَسَّ الْحَصَى فَقَدْ لَغَا"

Дәретiн дұрыс алып, жұма намазына келiп, артық сөйлемей хұтбаны тыңдаған адамға өткен жұма мен сол жұманың арасындағы қате-кемшiлiктерi және қосымша үш күннiң күнәсi кешiрiледi. Ал, мешiтке келiп тасты тегiстеумен (яғни артық iспен) шұғылданған адам орынсыз iспен айналысқан болады.” Хадистi Әбу һурайрадан (р.л.ғ.) Имам Муслим риуаят еттi.

"مَنِ اغْتَسَلَ يَوْمَ الْجُمْعَةِ غُسْلَ الْجَنَابَةِ ثُمَّ رَاحَ فِي السَّاعَةِ الأُولَى، فَكَأَنَّمَا قَرَّبَ بَدَنَةً، وَمَنْ رَاحَ فِي السَّاعَةِ الثَانِيَّةِ فَكَأَنَّمَا قَرَّبَ بَقَرَةً، وَمَنْ رَاحَ فِي السَّاعَةِ الثَّالِثَةِ فَكَأَنَّمَا قَرَّبَ كَبْشاً أَقْرَنَ، وَمَنْ رَاحَ فِي السَّاعَةِ الرَّابِعَةِ فَكَأَنَّمَا قَرَّبَ دَجَاجَةً، وَمَنْ رَاحَ فِي السَّاعَةِ الْخَامِسَةِ فَكَأَنَّمَا قَرَّبَ بَيْضَةً، فَإِذَا خَرَجَ الإِمَامُ حَضَرَتِ الْمَلاَئِكَةُ يَسْتَمِعُونَ الذِّكْرَ"

“Кiм жұма күнi бой дәретсiздiктен шомылғандай шомылып, жұма намазына әуелгi сағатында (яғни, бiрiншi болып) барса бiр түйенi құрбандыққа шалғанның сауабын алады. Екiншi сағатта (одан бiраз кешiгiп) барған сиырды құрбандық еткен, үшiншi сағатта барған мүйiздi қошқарды құрбандыққа шалғанның сауабын алады. Төртiншi сағатта (басқалардың соңында) барған бiр тауықты сойып, оны садақа еткеннiң, ал бесiншi сағатта барған адам бiр жұмыртқаны садақа еткеннiң сауабына ие болады. Имам хұтбаға шыққанда оның сөзiн тыңдауға перiштелер келедi.” Хадистi Әбу һурайрадан (р.л.ғ.) Имам Бухари, Имам Муслим және Имам Тирмизи риуаят еттi.

Дайындаған: Ұлықбек Алиакбарұлы. 



Категориясы: Намаз - оқу, үйрену және оның пайдалары | Ендірген: Dinislam_Kz (29.Қазан.2009) | Авторы: Дайындаған: Ұлықбек Алиакбарұлы
Көрілді: 1813 | Рейтингі: 5.0/27 |


Барлық пікірлер: 0

Дінислам.Кз сайты - сайтта жарияланған мақалалар мен жаңалықтарға байланысты жазылған адамдардың көзқарасы мен ой-пікірлерінің жауапкершілігін жүктемейді.


© 2008-2012 Діни-танымдық сайт. [Абу Ханифа мазхабы бойынша]
Сайттағы мәліметтерді жариялаған кезде гиперсілтеме жасалуы тиіс
Сұхбаттағы (форум), шәйханадағы (чат) жазулар мен сайттағы білдірілген пікірлер сайт көзқарасы болып саналмайды


Создать сайт бесплатно
кіру / тіркелу
Логині:
Құпия сөз:
жарнама орныңыз
іздеу
© Расулуллаһ.Кз
Н.Төреқұлов мешіті

САНАҚ




Бүгінгі зияратшылар:

Соңғы тіркелген қолданушыға сәлем: xatab

Сайтта тіркелгендер
Барлығы: 3620
Осы ай ішінде: 12
Осы апта ішінде: 4
Кеше: 0
Бүгін: 0