|
[14.05.2012.] Солтүстікте семинар-кеңес жалғасуда | |
Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы «Көз жету» қоғамдық бірлестігі мен «Қызылжар» орталық мешітте қалалық және аудандық мешіттер бас имамдарымен семинар-кеңес өткізуде. Семинар-кеңестің мақсаты имамдарға «Діни қызмет және бірлестіктер туралы» заңды діни экстремизмге, қоғамға жат ағымдарға қарсы күрес, ұлтаралық және дінаралық келісім мәселелері тереңірек түсіндіру, оларды компьютермен жұмыс істеуге үйрету. ... Жалғасын оқу »
Категориясы: | Көрілді: 61 | Уақыты: 14.Мамыр.2012 | Пікірлер: (0) | Ендірген: Dinislam_Kz | Толығырақ
|
|
|
[13.05.2012.] СҚО имамдары блог ашуды үйреніп жатыр | |
Іссапармен Қызылжар (Петропавлға) келген едім. Мінберден үйренгендерімді молдаларға үйретіп жатырмын. Бүгінгі сабағымда аудан имамдары жаңа блог ашуды үйренді. Нәтижесінде Қызылжар, Аққайың, Мамлют және М.Жұмабаев аудан имамдарының Қазжур.Кз блогтұғырында жеке блогтары ашылды. Имам-молдаларымыз блогтарында күнделікті немесе апталық іс-шараларын, уағыз-насихаттарын жариялайтын болады. ... Жалғасын оқу »
Категориясы: | Көрілді: 60 | Уақыты: 13.Мамыр.2012 | Пікірлер: (0) | Ендірген: Dinislam_Kz | Толығырақ
|
|
|
[12.05.2012.] Шымкент қаласында орналасқан «Шымкент» медресінің 2012 жылғы бітіруші түлектерін қызметке бөлу іс шарасы өткізілді | |
12-мамыр. Шырайлы Шымкент қаласында орналасқан «Шымкент» медресінің 2012 жылғы бітіруші түлектерін қызметке бөлу іс шарасы өткізілді. Осы дәстүрлі іс шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет және Діни басқарманың бөлім жетекшілері Смаил Сейтбеков, Ербол Сағиұлы және Ақтөбе облысының өкіл имамы Әбдумүтәліп Дәуренбеков және ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы, «Шымкент» медресесінің директоры Бейбіт Мырзагелдиевтер арнайы қатысты.... Жалғасын оқу »
Категориясы: | Көрілді: 38 | Уақыты: 12.Мамыр.2012 | Пікірлер: (0) | Ендірген: Dinislam_Kz | Толығырақ
|
|
|
[04.05.2012.] "Жаужүрек мың балаға" барма, барғызба!!! | |
 Кеше (03 мамыр 2012) «Жаужүрек мың бала» фильмінің премьерасы болды. Алғаш болып барғандардың көбі өкпелі. Киноның өзіне айтылып жатқан сын көп, бірақ ең бастысы қазақша кино көремін деп барып, орысшасын көріп алданып қалғандай сезімде көпшілік. Кино.кз сайтындағы кестеге қарайтын болсақ Астанада тек қана Сарыарқа кинотеатрында күндізгі уақыттардың бірінде ғана қазақ тіліндегі нұсқасы көрсетіледі. Қалған уақыттарда және барлық кинотеатрларда тек орысша дыбыстамасы көрсетілуде. Иә, әрине кино алдымен коммерциялық жоба, түсірушілерге және көрсетушіге пайда әкелуі керек. Яғни, орысшасын көп адам көреді деген есеппен осылай істеген. Киноны түсірушілерді де, киноны көрсетуші кинотеатрларды да кінәлауға болмайды, түсінеміз оларды да. Бірақ, олар да қазақ ұлтына немқұрайдылықпен қарамаулары тиіс. Біз де қоғамбыз, біздің де таңдауларымыз бар. Неге олармен санасуымыз керек? Олар бізбен санассын.
... Жалғасын оқу »
|
|
|
[02.05.2012.] Намаз адамды жалықтыра ма? | |
Көпшіліктің намазға деген көзқарасы түзу. Дегенмен аракідік кездесіп қалатын «күнде бес мезгіл үзбей оқудан адам жалықпай ма?» деген сұрақ төңірегінде мазмұнды әңгіме өрбітсек.Бір сәт ойланайықшы, өміріміз мәңгі ме? Келесі жылға сау жетіп, тіпті келесі күнді аман-есен атырарымызға кім кепіл? Пендешіліктен аса алмай аз ғана құмарлыққа алданып осы өмірде мәңгілік қалып қоятындай сезінеміз.... Жалғасын оқу »
|
|
|
[01.05.2012.] ҚҰРМЕТТI ОҢТҮСТIКҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР! | |
Сiздердi 1 мамыр – Қазақстан халқының бiрлiгi күнi мерекесiмен құттықтаймыз! Егемен елiмiз бүгiнде ырысты ынтымақ пен берекелi бiрлiктiң мерейлi мекенiне айналды. Тәуелсiз Қазақстанның ұлтаралық келiсiм мен пайымды парасаттылыққа негiзделген үйлесiмдi саясатын халықаралық қауымдастық жоғары бағалауда. Татулық пен бiрлiктiң бастауындай болған осы бiр айтулы мейрам бейбiтшiлiктiң бейнесiн орнықтыра түсетiндей әсер қалдырып келедi. Бiрiншi мамыр көктемнiң көзайым мерекесi әз-Наурыздың жалғасы iспеттi. Тiршiлiк түрлене түлейтiн жайдарлы шақта мерейлi мерекелердiң бiрiнен соң бiрiнiң келуi үмiт пен сенiмнiң сабақтастығын бiлдiредi. Бүгiнде Елбасының салиқалы саясатының нәтижесiнде ел аумағында көпұлтты халық тату-тәттi өмiр сүруде. Отанымызда тiлi мен дiни сенiмi әртүрлi ұлттардың салт-дәстүрiн сақтауға толық жағдай жасалған. ... Жалғасын оқу »
|
|
|
[26.04.2012] Мен туралы Дядя Шал былай деген екен.... | |
Мен туралы орыс тілді сайттар жазады деп ойламаған екенмін. Бірақ аты жөнімді орысша жазсам бірдеңелер шығып жатады. Айтайын дегенім Дінислам сайты жұмысын бір жылдан аса уақыт тоқтатып тұрды. Мүмкін бар күш жігерімді
kattani.kz сайтына арнаған соң шығар. Содан ба әлде еріншектікпе әйтеуір Дінисламға уақыт жетпей қалатын. Бірақ жақында Дядя Шалдың мына ескі болсада жазбасын оқып қалдым. ... Жалғасын оқу »
|
|
|
[26.04.2012.] Әлеуметтік желілердің пайдалы жақтары | |
Қазіргі уахабилік немесе сәләфилік ұстанымдағы жастардың қатары неліктен көбейіп барады? Олардың білім ошағы қайда, ілімді қайдан алады, ұстаздары кім? Қазақстандағы бүкіл мешіттер мен медреселер Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қол астында болып, елімізде ханафи мәзһабы негізінде уағыз жүргізілсе де, уахабилер қатарының азаймай жатуына түрткі не? Иә, мұның себебі бүгінгі ғаламды торлаған интернетте жатыр-ау… Міне, бұл мақаламдағы әңгіме осы ғаламтор ғаламаты, дін насихаты үшін оның пайдалы тұстары жайында болмақ.Енді бұл тақырыпты қозғауыма не себеп болды десеңіз, күні кеше Атырау қаласына барып, «Нұр Отан» ХДП-ның «Жас Отан» жастар қанаты Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Жастар терроризмге қарсы» атты жастар форумына қатысқан болатынмын. ... Жалғасын оқу »
|
|
|
[26.04.2012.] Қаттани мешіті: «Ерлер сауат ашу курсы» | |
Құран оқып үйрену, намазда оқылатын қысқа сүрелерді және намаз оқып үйрену, намазға байланысты мәселелер т.б. Дәріс беруші ұстаз: Түркияның Қожаелі қаласының «Үш төбелер» мешітінің имамы Дәуіт Варлы.Сабаққа келушілердің жастары шектелмеген. Сабақ аптасына 5 күн болады. Сенбі жексенбі демалыс.... Жалғасын оқу »
|
|
|
[26.04.2012.] Астана медресесі шәкірттері «Мұхтасар әл-уиқая» кітабының кезекті үш тарауы бойынша емтихан тапсырды | |
Астана медресесі шәкірттері «Мұхтасар әл-уиқая» кітабының кезекті үш тарауы бойынша емтихан тапсырды деп хабарлайды "Нұр Астана" мешітінің ресми сайты. Медресенің 2-курс шәкірттері «Мұхтасар әл-уиқая» кітабының кезекті үш тарауы бойынша емтихан тапсырды. Олар: атақ, яғни құл азат ету; мукатәб, яғни құлды азат ету мақсатында келісімшарт негізінде оған қолхат беру; әйман (серт, ант) және оның үкімі мен шарттары.... Жалғасын оқу »
|
|
Көпшіліктің намазға деген көзқарасы түзу. Дегенмен аракідік кездесіп қалатын «күнде бес мезгіл үзбей оқудан адам жалықпай ма?» деген сұрақ төңірегінде мазмұнды әңгіме өрбітсек. Бір сәт ойланайықшы, өміріміз мәңгі ме? Келесі жылға сау жетіп, тіпті келесі күнді аман-есен атырарымызға кім кепіл? Пендешіліктен аса алмай аз ғана құмарлыққа алданып осы өмірде мәңгілік қалып қоятындай сезінеміз. Егер есіл өміріміздің, осыншама ағыл-тегіл уақтымыздың түкке алғысыз босқа өтіп жатқанын жете түсіне білсек, онда күн сайын бізге берілген жиырма төрт сағаттың бір сағатын қиып, ертеңгі ана дүниеміздің мәңгілік бақытына қол жеткізетін жанға жайлы, көңілге хош намаз оқуға арнау бізді жалықтырмақ түгілі есесіне қайта қуантып, шынайы рахат сезімнің құшағына бөлер еді. Алдымен «медиа» сөзіне тоқталсақ, ол ақпарат беру деген мағынаға саяды. Ескі заманда тас бетіндегі жазбалар болса, олар кейінгі заманда қағаз бетіне түсті, одан соң дауысты жазып алу мүмкіндігі пайда болды. Кешегі ғасырда адамды суретке және бейнетаспаға түсіруге қол жеткізілді. Осы жазбалардың барлығы тарату үшін жазылды. Аталмыш ақпараттарды «медиа» деп атаймыз. Медианың ескі және жаңа түрлері пайда болды. Ескілері – жоғарыда айтып өткендерім. Ал жаңасы – интернетке қатысты. Ескі медианы «дәстүрлі медиа» деп те атайды.Жаңа медиа блог, блогшы, сайт деген ұғымдарды өмірге әкелді. Соңғы жылдары сәнге айналған блогшылар, блог дегенді дәстүрлі медианың журналистері жете түсінбегендіктен бе, көпшілігі дұрыс қабылдамады. Дәстүрлі медиа мен жаңа медианың айырмашылығы неде деген сұраққа жауап іздегендер аз болды. Адамнан жасыра алмағаныңды, Алладан жасыра алмайсың: қазақ – өте аңқау, ғұмыры басқалардың алдау-арбауына баладай сенiп, барынан айрылумен келе жатқан ұлт. Оған не орыс, не шүршiт келiп: "Сендер керемет қонақжай халықсыңдар", – деп мақтаса болды, дастарқанындағы ең дәмдiсiн де баласының аузынан жырып соларға бередi. Қазекем Ресейден азаттық алдық деп шәпкесiн аспанға лақтырып жүрген соңғы 20 жылда да бұл аңқаулығынан арылудың орнына бұрынғыдан да аңқауланып, танауы делдие түстi. Астапыралла, естімеген елде көп деген рас екен. Жүре берсең көре бересің деген қазақ атамның сөзі тура келді. Елорданың сауда орталығының бірінде өткен бір шалбар үшін жұртты тыр-жалаңаш шешіндіру акциясы елді елең еткізді. Мұны жылдың ең жағымсыз жаңалығы деуге болады. Жыл соңында «батыстың жаппай жалаңаштану» атты қауіпті вирусы бізге де келіп жетті. Мұндай сорақы шара анау-мынау емес еліміздің бас шаһары - Астанада өтті. Тегін киінудің бір ғана шарты бар. Дүкенге тыржалаңаш кіріп, көпшіліктің алдында арлы-берлі ойқастап жүрсеңіз болғаны. Есесіне су жаңа джинсі шалбарын тегін иеленесіз. Бір өкініштісі, мұсылманшылығымызға таңба салатын ұятты істі жаңа жыл қарсаңында су жаңа сыйлық ретінде жасаған өзге емес, өзіміздің қаракөз бауырларымыз. Тұтынушыларды тырдай жалаңаш шешіндірген акцияны ұйымдастырушылар бұл әрекеттерін жастарды белсенді өмірге шақырудың тәсілі, тұтынушы тартудың бір жолы дейді. Сапар (сафар) айы (арабша: شهر صفر) — мұсылманша күнтізбе бойынша екінші ай, Мухаррам айынан соң келеді. Хиджраның 1432 жылындағы сапар айының басталуы 2011 жылдың 5-қаңтарына (кей жерлерде 6-ы) сай келеді.
"Сапар” сөзінің (арабша: صفر) ай атына қатысты кең тараған екі мағынасы бар:
1) сары, сарғаю: сапар айына атау берілгенде күз болып, айнала сап-сары түске оранған;
2) бос, нөл (араб: сифр): мұсылмандар осы айда Меккеден көшіп кеткеннен кейін қала босап қалған. Қазақстанның шіркеулерінде келешекте құдайға ғибадат ету рәсімдері қазақ тілінде де өтпек. Бұл Қазақстанда екінші үлкен дін болып саналатын православие дінін ұстанушылар арасында қазақтілділер көбейгенін аңғарта ма, әлде діни бірлестіктің мемлекеттік тілді қолдау шарасы ма?  Бұл кітапта фиқһ ілімінің зерттеу саласына, фиқһи мазһабтардың шығу тарихына қысқаша шолу жасалған. Таһарат, намаз оқу, зекет беру, ораза тұту және қажылыққа бару құлшылықтарының үкімдері ханафи мазһабы бойынша кең түрде беріліп, Құран аяттары мен Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) хадистерінен дәлелдер келтірілген. Аяусыз қатігездікпен басып-жаншылған Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі, сол оқиғаның тікелей басы-қасында болғандықтан, әлі күнге дейін көз алдымда. Ульяновскіден келген орыс басшысына деген наразылықтан туған кездейсоқ өрбіген оқиға десек, көтерілістің мәнін төмендетіп аламыз, дұрысы империялық үстемдікпен жүргізілген ұлт саясатына қарсылық білдірген жастардың саналы қозғалысы. Смайыл СЕЙІТБЕКОВ, ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан облысындағы өкілі:
- Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ел көлемінде атқарып жатқан ізгі бастамалары мен игі діни іс-шаралары нәтижесіз емес. Сіз өкіл болып отырған өңірде бұл үрдіс қалай жалғасын табуда? Жалпы облыстағы бүгінгі діни ахуал қандай?
- Бас мүфти шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі хазрет басшылық етіп отырған Діни басқарманың ұйытқы болуымен еліміздің әрбір өңірінде көңілге қуаныш ұялатар игі діни іс-шаралар атқарылып жатса, біздің облыста да мұсылман бауыр-ларымыз тарапынан асыл дініміздің өр-кендеуі үшін қолға алынып жатқан ауыз толтырып айтарлық жұмыстарымыз бар. Халықты хақ жолға бұрып, дінді үйрету мақсатында келелі іс-шаралар атқарылуда. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан шыққан пәтуалардың бәрі халыққа түсіндіріліп, іске асырылып, Бас мүфти хазрет алға қойған міндеттемелер мен бұйрықтар дер кезінде шешімін тауып, жүзеге асып жатыр. Құрбан айт намазы
Айт – араб тілінде "мейрам” деген мағынаны білдіреді. Айт намазын оқудың уәжіптігі Құран мен сүннетте айтылған. Біріншісі – Рамазан айты, екіншісі – Құрбан айт. Алла Елшісінің (с.ғ.с.) екі айт намазын оқығаны жайлы хабар "тәуатүр” (бұлтартпас, анық) жолмен бізге жеткен. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) алғашқы оқыған айт намазы – һижраның екінші жылындағы Рамазан айт намазы.
Қаттани сайтының мақалалары
|
|
 |
ҚАЗІР САЙТТАҒЫЛАР |  |
|
Сайт зияратшылары: 9 Қонақтар: 9 Қолданушылар: 0
|  |
|